Ақпарат:

15 тамыз 2024 2900

Екі ел арасындағы көпір: Сәтбаев Университеті Қытай Халық Республикасының ғылыми делегациясын қабылдады

Екі ел арасындағы көпір: Сәтбаев Университеті Қытай Халық Республикасының ғылыми делегациясын қабылдады

Бүгін Сәтбаев Университетіне Шығыс Қытай педагогикалық университетінің, Қытай мұнай университетінің (Хуадун), Азия газ құбырының, Трансазиаттық газ құбырының өкілдері келді. Кездесу магистральды мұнай және газ құбырлары саласындағы ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға арналды.

Делегацияны Сәтбаев Университетінің Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректоры Ержан Күлдеев қарсы алып, кездесуге қатысушыларды құттықтады және Қазақстан мен Қытай арасындағы мұнай-газ саласындағы жаңа технологияларды дамыту бойынша ынтымақтастық байланыстың маңызды екенін атап өтті. Бұл мәселеге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше көңіл бөледі. Бірлескен ғылыми әзірлемелер мен тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар магистральды құбырлардағы процестерді оңтайландырудың негізі болуы мүмкін екенін Ержан Күлдеев атап өтті, бұл екі ел үшін де ерекше маңызды. Делегация жетекшісі профессор Чжоу Юнг жауап сөз сөйлеп, өз лебізін білдірді:

– Біздің еліміз – бір-біріне өте жақын орналасқан және достық қарым-қатынастағы көршілер. Біз ортақ міндеттерді шешуде бірлесіп жетістіктерге жетеміз, – деді профессор.

Екі ел арасындағы көпір: Сәтбаев Университеті Қытай Халық Республикасының ғылыми делегациясын қабылдады

Заманауи мұнай және газ құбырлары – осындай құбырлармен қоса, насос станциялары мен апаттарға әрекет ету жүйелерін, жер үсті және жер астындағы сақтау орындарын, өрт қауіпсіздігі жүйелерін, байланыс желілері және басқа да көптеген жүйелерді қамтамасыз ететін үлкен жүйелер. Бұл жаңа технологиялар мен инновациялық техникалық және технологиялық шешімдерді үнемі іздеуді талап етеді. 

Қатысушылар университеттердің өзара мүмкіндіктері мен болашақтағы ынтымақтастық қарым-қатынастың негізгі бағыттарын талқылады, сондай-ақ Қазақстан мен Қытайды байланыстыратын магистральды құбырлардың қауіпсіздігін мен тиімділігін арттыруға қабілетті инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізу жоспарларын қарастырды.

Екі ел арасындағы көпір: Сәтбаев Университеті Қытай Халық Республикасының ғылыми делегациясын қабылдады

Қытай университеттерінің өкілдері мұнай және газ құбырлары транспортының өзекті мәселелерін шешуге бағытталған зерттеу бағдарламаларын ұсынды. Профессор Чжоу Юнг Шығыс Қытай педагогикалық университеті Статистика мектебінің мұнай-газ құбырларының жұмысын жақсартуға арналған деректерін талдау бойынша жетістіктерімен бөлісті. Профессорлар Чжоу Юнг пен Цзян Линь құбырлардың күйін бақылау және апаттық жағдайларды болдырмау үшін жүргізілетін заманауи технологиялармен жасалған жұмыстары жайлы баяндады.

Кездесудің қорытындысы ретінде Сәтбаев Университеті мен Қытай университеттері арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың магистральды құбыр транспорты саласындағы инновациялық технологияларды дамыту үшін үлкен потенциалға ие екендігі атап өтілді.

Екі ел арасындағы көпір: Сәтбаев Университеті Қытай Халық Республикасының ғылыми делегациясын қабылдады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту