5 сәуір 2022 2809

Екібастұздан келген оқушылар Сәтбаев Университетіне кәсіптік бағдарлық экскурсия жасады

Екібастұздан келген оқушылар Сәтбаев Университетіне кәсіптік бағдарлық экскурсия жасады

30 наурыз күні Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы қазақ-түрік лицейінің 11-сынып оқушылары Сәтбаев Университетінде болды. Экскурсия университеттің кәсіптік бағдар беру жұмысы аясында техникалық профильдегі жоғары сынып оқушылары үшін арнайы ұйымдастырылды.

Оқушылар университет қалашығын аралап, зертханалар мен оқу аудиторияларын көрді. Университеттің оқытушылары болашақ студенттерге оқуға түсу шарттары, университет тарапынан қарастырылған даму мүмкіндіктері туралы ақпарат берді, бұрынғы студенттердің жетістіктері туралы, олимпиадалар, спорттық жарыстар, шығармашылық секциялар мен үйірмелер туралы айтып берді.

Мектеп оқушылары қазіргі еңбек нарығында жоғары сұранысқа ие болып отырған мамандықтарға мол қызығушылық танытты. Атап айтқанда, геология, мұнай-газ және тау-кен ісі, ақпараттық технологиялар, машина жасау сияқты мамандықтар оларды қатты қызықтырды.

Экскурсия соңында оқушыларға ҰБТ тапсыруда сәттілік тіледі, экскурсияға барлығы 25-тен астам оқушы қатысты.

 

Естеріңізге салайық, жоғары сынып оқушылары мен мұғалімдердің өтініші бойынша Қабылдау комиссиясы экскурсиялар ұйымдастырады. Оған мына телефон арқылы 292-73-01, 292-77-79 немесе komissiyakaznitu@mail.ru электрондық пошта арқылы тапсырыс қалдыруға болады.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту