29 мамыр 2019 32454

Екінші жоғары білімнің көмегімен өмірдің жаңа деңгейіне көтеріліңіз

Екінші жоғары білімнің көмегімен өмірдің жаңа деңгейіне көтеріліңіз

Екінші жоғары білім кімге қызықты?

Жоғары лауазымды қызметке қол жеткізіп, қызметтік мансабын одан әрі қарай жоғарылатуды мақсат тұтатын кәсіби мамандарға керек: жобаларды басқару жөнінен қосымша білім, әрі жан-жақты тереңдетілген техникалық білім ұжымды басқаруға немесе топтық жобаларды тиімді түрде басқаруға көмектеседі.

Өз саласы бойынша «жоғары сатыға» ие болған, әрі басқа да жаңа салаларды меңгергісі келетін мамандарға қажет. Сәтбаев университеті осындай мүмкіндікті бере алады. Мысалы, эколог маманына бағдарламашы болуға немесе құрылысшыға математикалық модельдеумен айналысуға көмектеседі. Сонымен қатар біздің студенттер арасында өзінің жеке бизнесімен шұғылданғысы келетіндер де жеткілікті.

«Сонымен, мен не үшін екінші жоғары білім алғым келді? Өйткені өзім оқыған сала бойынша әрі қарайғы мүмкіндіктер мен ешқандай келешекті көрмедім. Сондықтан да бала кезімнен армандаған дизайн саласы бойынша кәсіби маман атануға әлі де мүмкіндіктерім бар екенін сезіп, сол салаға ауысып кеттім. Ал сол екінші жоғары білімді алу үшін неге Сәтбаев университетін таңдадым? Өйткені бұл оқу орнының шарттары мені толық қанағаттандырды», – дейді алматылық Айқын Қоңыров, «Сәулет және дизайн» мамандығы бойынша «Екінші жоғары білім бағдарламасының» түлегі.

Университетте бұдан басқа тағы да 21 білім беру бағдарламасы бойынша екінші жоғары білім алуға болады. Мысалы, «Мұнай инженериясы», «Математикалық экономика», «Компьютерлік ғылымдар (Computer science)», «Химиялық және биохимиялық инженерия» және т. б.

Сәтбаев университетінде екінші жоғары білім алудың артықшылығы неде?

  • 100% қашықтықтан білім беру;
  • оқу мерзімі – 1,5-2,5 жыл;
  • әрбір студентке жеке-жеке оқыту;
  • тиімді білім беру технологиялары;
  • оқу курсы мен модулін өз еркінше таңдау мүмкіндігі;
  • үнемі практикалық жұмыста болу;
  • белгіленген оқу құны;
  • ыңғайлы төлеу жүйесі.

Сәтбаев университетінің екінші білім беру бағыты бойынша білім беретін оқытушылар қатары ерекше құрметке ие. Оқытушылардың 90%-ы – тәжірибелі мамандар. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қатар сабақ жүргізеді. Екінші білім ала отырып, сіз сондай-ақ шетелдік жетекші эксперттер жүргізетін семинарларға, тренингтер мен шеберлік сағаттарына қатыса аласыз.

Сәтбаев университеті туралы сіз тағы да не білуге тиіссіз? Ол 1934 жылы құрылған, міне, 85 жыл бойы Сәтбаев университеті Қазақстан Республикасында инженерлік білім берудің үздігі атанып, оның ғылыми мектебі еліміздің кенді шикізат базасының дамуына, тау-кен және металлургиялық өндірісінің жаңа технологияларын ұйымдастыруға сүбелі үлесін қосып келеді.  

Соңғы екі жылда Сәтбаев университеті білім беру жүйесінің сапасына көбірек назар аударуға қарай ауысып, жаңалануда. Отандық НКАОКО рейтингісі бойынша университет 3-орыннан 2-орынға көтерілді. Экономиканың нақты секторы бойынша Arselor Mittal, General Electric, Baker Hughes тәрізді әлемдік ірі-ірі өндіріс орындарымен бірлесе отырып, бірнеше инвестициялық жобалар ұйымдастырылды.  Ғылыми зерттеулер көлемінің ұлғаюы мен негізгі академиялық көрсеткіштердің өсуі нәтижесінде 2017 жылы халықаралық QS World University Rating рейтингісі бойынша дүниежүзілік ең үздік 800 университет арасынан біздің университет 411–420-орындарға ие болды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту