Ақпарат:

12 ақпан 2025 1345

Еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайту мақсатында Сәтбаев университеті мен ҚР Ұлттық қорғаныс университеті күш біріктіруде

Еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайту мақсатында Сәтбаев университеті мен ҚР Ұлттық қорғаныс университеті күш біріктіруде

Сәтбаев университеті мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорғаныс университеті өзара ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. ҰҚУ-нің басшысы Асқар Мұстабеков қол қойған келісім екі жетекші инженерлік оқу орнының еліміздің қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы күш-жігерін біріктіруге бағытталған.

Екі жақ тараптар инженерлік-техникалық білім беру саласында бірлескен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру, консорциум аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқытушылармен, ғалымдармен және студенттермен өзара алмасу, сондай-ақ бірлескен семинарлар, конференциялар мен тренингтер ұйымдастыру жөнінде келісім жасады. Әсіресе машина жасау, ақпараттық қауіпсіздік, автоматтандырылған басқару жүйелері және басқа да басым бағыттар саласындағы заманауи технологияларды дамытуға ерекше назар аударылатын болады.

Сәтбаев университеті ұшқышсыз ұшатын аппараттардың операторларын оқытуда және даярлау саласы бойынша мықты бағдарламаларымен танымал. Университет ұшқышсыз ұшу аппараттарының құзыреттілігін дамыту жөніндегі Қазақстан-Корея академиясымен тығыз жұмыс жасайды, бұл академия өз қызметінде ұшқышсыз ұшатын дрондар секілді инновациялық технологияларды пайдаланғысы келетін картография мамандарын даярлайды. Тағы бір бағыт – жауынгерлік тапсырмаларды орындауға, өрт сөндіруге және төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеуге арналған дрондарды жасау.

– Екі университет арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас алдыңғы қатарлы инженерлік әзірлемелерді қорғаныс саласына біріктіруге мүмкіндік береді, – деді Ержан Көлдеев өз сөзінде. – Университеттің әзірлемелері еліміздің қорғаныс қабілетін нығайта отырып, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы қарулы күштерінің технологиялық деңгейін көтеру үшін заманауи техникалық шешімдерді ұсынады.

Өзара келісімге қол қою екі университеттің ғылыми әлеуеті мен тәжірибесін, академиялық ғылымды, инновациялық әзірлемелер мен ұлттық қауіпсіздіктің нақты қажеттіліктерін біріктіре отырып, еліміздің қорғаныс өнеркәсібіне қажетті техникалық мамандарды даярлаудың кешенді жүйесін құру жолында маңызды қадам болмақ.

Еліміздің қорғаныс әлеуетін нығайту мақсатында Сәтбаев университеті мен ҚР Ұлттық қорғаныс университеті күш біріктіруде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту