Ақпарат:

6 маусым 2023 4072

Елордада «Алтын Гефест» ұлттық байқауын тапсыру рәсімі өтті

Елордада «Алтын Гефест» ұлттық байқауын тапсыру рәсімі өтті

ҚР ИИДМ және ERG (Eurasian Resources Group) компаниясының қолдауымен ұйымдастырылған «Алтын Гефест» Ұлттық салалық конкурсын тапсыру салтанаты 2023 жылғы 2 маусымда Астанада өтті. Салтанатты рәсімге ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Ілияс Оспанов, Республикалық тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындары қауымдастығының атқарушы директоры Николай Радостовец, Парламент Мәжілісінің депутаты Альберт Рау және ERG (Eurasian Resources Group) компаниясының өкілдері қатысты.

Биылғы жылы «Алтын Гефест» он үшінші рет өткізіліп, саланың ең күтілетін оқиғаларының бірі болып саналады.

Негізгі мақсат-тау-кен, металлургия, өңдеу және басқа да байланысты салалардың дамуына елеулі үлес қосқан мамандардың жетістіктерін атап өту. Биыл құзыретті қазылар алқасы 29 компанияның, Қазақстанның 7 университетінің 150-ден астам өтінімін қарап, тау-кен-металлургия саласының үздік мамандарын таңдады. Жеңіс туралы шешім екі кезеңде қабылданды: ұйымдастыру комитеті мүшелерінің өтінімдерді жинауы және саланың жетекші компанияларының басшылары мен саланың танымал сарапшылары кірген қазылар алқасы мүшелерінің сауалнамаларды бағалауы.

Жеңімпаздар 15 номинация бойынша анықталды.  «Жыл педагогы» номинациясы бойынша жеңімпаз болып Рысбеков Қанай Бахытұлы атанды,  Қ. И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті;

Он үш жыл ішінде осы салада 170-тен астам мамандар мен ұйымдар марапатқа ие болды.

Елордада «Алтын Гефест» ұлттық байқауын тапсыру рәсімі өтті

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту