7 сәуір 2023 2214

«Equus» фильмін қоюшылар Сәтбаев Университетінің студенттерімен кездесті

«Equus» фильмін қоюшылар Сәтбаев Университетінің студенттерімен кездесті

7 сәуір күні әйгілі Политехта SU Talks жобасы аясында өткен ерекше кездесулердің бірі – жылқының пайда болу тарихына арналған «Equus» (лат. жылқы) деректі фильмінің қойылымы және оның продюсері Нұрбол Баймұхановтың лекциясы.

«Equus» – бұл әйгілі канадалық режиссер және антрополог Найоби Томпсон 2015 жылы шығарған әлемге әйгілі «Ұлы Адам Одиссеясы» (The Great Human Odyssey) кинотрилогиясының жалғасы. Бұл Адам мен Жылқы арасындағы қарым-қатынасқа арналған ғылыми-көпшілік деректі фильм, соның арқасында адамзат орасан зор қадаммен алға қарай жылжып, бүгінгі күнге қол жеткізіп отырмыз.

Фильмді қоюшылардың бірі, зерттеуші-продюсер Нұрбол Баймұханов Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің қолдауымен осы ірі халықаралық жобаның бастамашысы болды, фильмді қоюға сондай-ақ АҚШ, Германия және Францияның кәсіби мамандары атсалысты. Оны түсіруге 3 жылдан астам уақыт кетті, десек те жігерлі шығармашылық топ өте керемет фильм жасап шығарды!

Жобаның ең басында сұхбат берген Найоби Томпсон адамзат тарихында жылқының алатын орны, оның маңызы туралы былай деді: «Адамның атқа мінген күні – ұлы күн болды деп ойлаймын. Ал Қазақстан – ат спорты мәдениетінің алтын бесігі, өйткені жылқыны алғаш рет қолға үйрету дәл осы қазақ елінің аумағында болғаны туралы ғылыми деректер бар. Енді осы қызықты оқиғаны бүкіл әлемге паш етудің тамаша мүмкіндігі туып отыр».

Ғалымның бұл көзқарасы фильмде дәйекті түрде айтылады, яғни мұнда Жылқы Адамды алыс қашықтықтарға бастап, оған жаңа мәдениеттер әлеміне жол көрсетеді.

Студенттер фильмді ықыласпен тамашалап, Нұрбол Баймұхановпен бірге жылқының мәдениетімізде алатын орнын талқылады, сондай-ақ Орта Азияның, Қазақстанның және халқымыздың салт-дәстүрлерінің дүниежүзілік тарих үшін өте маңызды екенін жаңаша көзқараспен түсіндірді.

Создатель фильма «Equus» встретился со студентами Satbayev University

Тэги: SU Talks
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту