Ақпарат:

28 маусым 2021 5375

Ерлік жас талғамайды

Ерлік жас талғамайды

Көңілі тек оқуда, арманы асқақ, мақсаты айқын жігіттің жастық шағы осылай шытырман оқиғаға ұласады деп кім ойлаған? 2021 жылдың 20 маусымында Алматы қаласындағы Мемлекеттік цирк жанында орналасқан субұрқақтың салқын самалымен кітап оқып  отырған Абылай бір сәтте «құтқарыңдар» деген жанайқайды ести сала ештеңені ойланбастан субұрқақтың ішіндегі өмір мен өлім үшін жан алысып жатқан жандарға қолұшын беруге ұмтылады.  Сол мезетте ойланбастан субұрқақтың ішіне түскен Абылайдың өзін  тоқ ұрып жатса да оған мән бермей оның ойы тек шырылдап жылап жатқан екі бала мен анасын құтқару болған.  Абырой болғанда сол маңда жүрген қарапайым жандар да көмекке келіп, жедел жәрдем қызметін көмекке шақырған.

Қазіргі таңда тоқтан зардап шеккен отбасылар әлі ауруханада екен. Абылайға тоққа түскен әйелдің жолдасы телефон арқылы хабарласып,  өзінің отбасындағы  жандардың жағдайы жақсарып келе жатқанын және ауруханадан аман-есен үйлеріне шыққаннан кейін міндетті түрде кездесетінін айтқан.

Абылай – Алматы облысының тумасы. Отбасында 4- перзент. Ата-анасы қарапайым жандар.  Мектепті жақсы деген бағаға тәмамдап, Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға оқуға түсу жайын былай деп баяндайды.

— Мен осы университет туралы оның Қазақстанда N1 техникалық  университет  екенін атақты академик пен ғалымдар, инженерлер әсіресе «Дос-Мұқасан» эстрадалық вокальді аспаптар ансамблі туралы менің ата-анам біздерге үлгі ретінде үнемі айтып отыратын. Содан бастап менің қызығушылығым артып, университет жайында интернет желісінен мағлұматтар мен мамандықтар туралы іздей бастадым. Мені қызықтарған мамандық- Автоматтандыру және роботтандыру. Қазіргі таңда осы мамандықтың 2-курс студентімін. Мамандығым өзіме қатты ұнайды.

Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының қолынан алғыс хат алған кезде  Абылай көзіне қуаныштың жасы келгенін айтады. Бұл алғыс хат  маған тек алға қарай жылжуға мотивация болады деп ойлаймын деп қорытты өз сөзін.

Айтпақшы 2021 жылдың 22 маусымдағы ҚР төтенше жағдайлар Министрлігі Абылайды «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгімен наградтаған.

Әрқашан да кез келгеніміз жақсылық жасасақ, біздің жүрегімізге тек жылылық ұялайды.  

Адамның ұлтына, түріне қарамай жақсылық жасау –әр аданың рухани байлығы мен адамгершілігінің деңгейі дер едім. 

Біздің студентіміз – біздің мақтанышымыз Абылай Балапанов осындай жандардың бірі.

Акмарал Бейсебаева

Ерлік жас талғамайды Ерлік жас талғамайды Ерлік жас талғамайды

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту