Ақпарат:

21 желтоқсан 2021 3746

Ескі қазақ жазба тіліндегі тарихи мәліметтер жайында

Ескі қазақ жазба тіліндегі тарихи мәліметтер жайында

2021 жылдың 8 желтоқсанында Сәтбаев Университетінің А.Машани атындағы Базалық білім беру институты қазақ және орыс тілдері кафедрасында кезекті ғылыми-әдістемелік семинар өтті. Семинарға Орталық ұлттар университетінің (ҚХР, Бейжің) профессоры, т.ғ.д. Дүйсенәлі Әбдділәшімұлы шақырылып, «Қазақ халқының жазба мұралары: Хан-сұлтандардың көрші патшаларға жазған хаттары және оның маңызы» тақырыбында баяндама жасап, ғалымдармен ой бөлісті.

Профессор Әбділәшімұлы баяндамасында қазақ хандарының жазба мұраларынан текстологиялық, статистикалық мәліметтер келтіріп, өткен тарихимыздағы  ескі қазақ жазба тілі жайында терең мағлұмат берді. Өзінің  «Ескі қазақ жазба тілі» еңбегінің маңызын жан-жақты түсіндіріп, қазақ хандардарының хат мәтіндерінен үзінділерді талдап, түпнұсқа жазбаларының мазмұнына тоқталып, араб, парсы, қазақ тіліндегі ерекшеліктеріне жүйелі тоқталып өтті. Бұл мәселеге қызығушылық тудырған  тілші ғалымдардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасу түрінде өткізілді.

Аталған тақырыппен жүйелі байланысты қамтитын ұлттық мүддені кеңінен зерделеуге бейімделген, ғылыми тәжірибе алмасу мақсатындағы семинар жалғастығы кафедраның доценті Ұлдар Исабекованың «Қашқари еңбегіндегі жылқыға қатысты мақалдардың ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми баяндамасында ұласты.

Ғылыми-әдістемелік семинар соңында қазақ лексикологиясы мен лексикографиясының өзекті мәселелеріне арналған баяндамаларды тыңдап, талқылай келе, ғалымдардың баяндамаларында келтірілген қызықты деректер мен ой-пікірлерді оқу үрдісінде студенттердің креативтік, сыни ойлау қабілеттерін дамыту мақсатында ұтымды қолдану бойынша шешім қабылданды және ғылыми ізденістерде басшылыққа алу ұсынылды.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту