EURO-ASIAN FORUM «SEISMO-2026» аясындағы сейсмотұрақты құрылыс және инженерлік сейсмология бойынша ғылыми-практикалық конференцияға шақырамыз
Satbayev University ТМД елдері мен алыс шетелдерден келген ғалымдар мен сала мамандары үшін 2026 жылғы 27–28 қаңтар күндері өтетін сейсмотұрақты құрылыс және инженерлік сейсмология бойынша ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырады.
Конференция аясында ғалымдар, ғылыми-зерттеу, жобалау және құрылыс ұйымдарының өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ бейінді мемлекеттік органдардың өкілдері сейсмотұрақты құрылыс пен инженерлік сейсмологияны дамытудың өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе мен ғылыми-техникалық жетістіктермен алмасады.
Конференцияның негізгі мақсаты – сейсмотұрақты құрылыс пен инженерлік сейсмология саласындағы өзекті проблемаларды талқылау, ғылыми зерттеулер жүргізу мен жобалау үшін қажетті эксперименттік және нормативтік-техникалық базаның қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын қарастыру. Конференцияда ТМД елдерінің ғылыми және академиялық қауымдастығын таныстыратын спикерлер сөз сөйлеп, сейсмотұрақты құрылыс және инженерлік сейсмология саласындағы жаңа ғылыми және техникалық әзірлемелерді ұсынады.
Конференция шеңберінде «Сейсмотұрақты құрылысты дамытуға қосқан үлесі үшін» академик Жунусов Төлеубай Жунусович атындағы құрмет медалімен салтанатты марапаттау рәсімі өтеді.
Қызығушылық танытқан мамандар, магистранттар мен докторанттар үшін 28 қаңтар күні «Қазақстан, Қырғызстан және Ресей нормаларын ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық әсерлерге есептеу кезінде қолдану ерекшеліктері» тақырыбында ПК «Лира Софт» бағдарламасы бойынша мастер-класс өткізу жоспарланған.
Тіркелу электрондық пошта арқылы жүргізіледі: sabit.yussupov@satbayev.university
Сейсмотұрақты құрылыс және инженерлік сейсмология бойынша ғылыми-практикалық конференция – құрылыс саласындағы ғалымдар мен мамандар үшін тәжірибе алмасуға, өз әзірлемелері мен жетістіктерін ұсынуға, өзекті мәселелерді талқылауға және қарастырылған бағыттар бойынша бірлескен жұмыстың берік негізін қалауға мүмкіндік беретін бірегей алаң.
Өткізу уақыты: 2026 жылғы 27–28 қаңтар, сағат 09:00–16:00
Өткізу орны: Satbayev University, Алматы қ., Қазақстан Республикасы



