Еуропа магистратурасында оқуға құжаттарды қабылдау басталды
Satbayev University Электротехника, есептеу және компьютерлік техника саласындағы 4 курс студенттерін ендірілген есептеу жүйелері бойынша European Masters In Embedded Computing Systems (EMECS) Erasmus Mundus стипендиялық магистратура бағдарламасы бойынша Еуропаның жоғары оқу орындарында оқуға шақырады.
EMECS стипендиясы – бұл ендірілген есептеу жүйелері бойынша магистрлік курстарда мамандарды оқытуға арналған бағдарлама. Бұл Еуропаның төрт елінің — Германия, Норвегия, Ұлыбритания, Италияның жоғары оқу орындарында магистратурада оқуды бастау мүмкіндігі.
EMECS Erasmus Mundus бағдарламасы бойынша магистратурада оқу кезінде магистранттар төрт серіктес университетте, әр университетте бір семестрде оқиды:
- Кайзерслаутерн техникалық университеті, Германия;
- Норвегия ғылым және технология университеті, Норвегия;
- Саутгемптон университеті, Ұлыбритания;
- Турин политехникалық университеті, Италия.
Өтініш беру мерзімі: 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін.
EMECS Erasmus Mundus стипендиясы нені қамтиды?
- бағдарлама бойынша оқу шығындары;
- медициналық сақтандыру;
- EMECS бағдарламасының бүкіл мерзімі ішінде (24 ай)1000 еуро тұратын ай сайынғы стипендия;
- ұшу құны;
- визалық алымдар.
Түсуге қойылатын талаптар және қажетті құжаттар:
1. Дәреже
Өтініш берушінің «Электротехника», «Информатика», «Робототехника», «Компьютерлік инженерия», «Бағдарламалық қамтамасыз ету», «Computer Science», «Data Science», «Есептеу техникасы» бағдарламалары бойынша бакалавр дәрежесі болуы тиіс. Егер сіз өтініш берген кезде 4-курста оқысаңыз, магистратураның бірінші курсына түсуші ретінде өтініш бере аласыз және өтінімге осы уақытқа дейін бағалау транскриптін қоса аласыз.
2. Ең төменгі орташа балл – 2,67.
3. Ағылшын тілі – IELTS 6.5 (емтиханның әр бөлімі бойынша кемінде 6.0)
немесе TOEFL-қағаз сынағы бойынша 600 балл / компьютерлік тест бойынша 250 балл / интернет-тест бойынша 95 балл.
4. GRE тесті: ұсынылады, бірақ қажет емес.
5. Мотивациялық хат:
Өтініш беруші бір бетке жуық қысқа мотивациялық хат жазу арқылы ендірілген есептеу жүйелері бағдарламасына жақсы уәжделгенін көрсетуі керек.
6. Ұсыныс хаттар:
Өтінім университет профессорларының немесе жұмыс берушілердің 2 ұсыныс хатымен расталуы керек.
Барлық сұрақтар бойынша бізбен халықаралық ынтымақтастық департаментінің 8 (727) 320 40 19 телефоны арқылы хабарласа аласыз, электрондық пошта: international_office@satbayev.university .
Департамент НК 609 мекенжайында орналасқан.
Instagram: @satbaev.international.office.