10 сәуір 2017 9657

Философтар барлығына «Бақытты болыңдар!» деп тілек тілейді

Философтар барлығына «Бақытты болыңдар!» деп тілек тілейді

Қ.И. Сәтбаев атындғы ҚазҰТЗУ-да 2017 жылдың 7 сәуірінде Қоғамдық пәндер кафедрасының Философия секциясы және Enactus KazNRTU студенттік топтың ұйымдастыруымен «Бақыт Философиясы» атты флеш-моб өткізілді.

Шара барысында студенттер философия бойынша викторинаға қатысып, өздерінің философиялық ой-толғанымдарымен бөлісті, ұлы философтардан бақыт рецептерін алды, сонымен қатар бақыт туралы өз тілектерін қалдырды. Шараға қатысқан студенттер Философия пәнінің оқытушыларына ой еркіндігін беретін, рухани әлемнің мәдениетін қалыптастыратын және Тұлға үшін бағасы жоқ білімдер қазынасы болып табылатын Философия әлемі үшін өз алғыстарын білдірді.

Философия секциясы шараны ұйымдастыруға жағдай жасаған университетіміздің басшылығына өз алғыстарын білдіреді, яғни Ринат Искаковке, Евгений Раченковқа, Дархан Куралхановқа, Лаура Анарбек және Алия Акатаеваға. 

   

Барық сурттерді көру

Ақпарат көзі: Қоғамдық пәндер кафедрасы
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту