Физико-техникалық институт пен Жарықтандыру жабдықтарын өндірушілер комитеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
Физика-техникалық институт пен «Қазақстан машина жасаушылар одағы» жанындағы Жарықтандыру жабдықтарын өндірушілер комитеті өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, ол жарықдиодты жарықтандыру жүйесінің отандық өндірісін дамытуға және өнімнің сапасын бақылауға бағытталған.
Жарықдиодты жүйелерді өндірушілердің басын біріктіріп, экспортқа бағытталған индустрияландыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны жүзеге асыруға атсалысатын комитет Қазақстандағы жарықтандыру құрылғыларын сынау бойынша аккредиттелген, Физико-техникалық институтқа тиесілі тұңғыш және жалғыз зертханамен ынтымақтастық қарым-қатынасты бастады.
Меморандум аясында екі жақ тараптар ынтымақтастық нәтижелерін талқылау мақсатында және отандық өндірісті дамытуға бірлесіп жәрдемдесу үшін тұрақты кездесулер өткізіп тұру жөнінде келісті. Бұл серіктестік комитетке елімізде өндірілетін және импортталатын жарықтандыру жүйелерінің сапасын объективті түрде бақылауға мүмкіндік береді, ал бұл өз кезегінде қазақстандық нарықты сапасыз өнімдерден қорғауға көмектеседі.
Әрі бұл серіктестік қазақстандық жарық өндіру өнеркәсібін әлемдік деңгейге шығару және өндіріс процестеріне озық технологияларды енгізу жолындағы маңызды қадам болып табылады.