Ақпарат:

19 мамыр 2023 4293

«GCIP – Kazakhstan» стартаптар конкурсына қатысуға шақырады

«GCIP – Kazakhstan» стартаптар конкурсына қатысуға шақырады

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» («GCIP – Kazakhstan») экологиялық таза технологиялар саласында зияткерлік меншігі бар кәсіпкерлерді, стартаперлер мен ғалымдарды стартаптар конкурсына қатысуға шақырады.

Конкурстың бас жүлдесі - стартаптарды акселерация бағдарламасынан қабылдау 

Конкурста жеңіске жеткен таңдалған стартаптар "GCIP – Kazakhstan" стартаптарды акселерациялау бағдарламасына қатысады, 3-6 ай ішінде кәсіпкерлер тобында оқудан өтеді және өз идеяларын толыққанды өнімге айналдыруға және өз бизнесін халықаралық деңгейге шығаруға мүмкіндік алады.

 «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы»

"Астана — ЭКСПО 2017" көрмесінің инфрақұрылымы базасында жасыл технологияларды ілгерілету және қоршаған ортаға кері әсерін азайта отырып, адамдардың өмір сүру сапасын арттыруға дайын бизнесті қолдау үшін құрылған орталық. 2023 стартаптар конкурсы – талантты ғалымдарға өз идеяларын жаһандық нарықта сұранысқа ие табысты өнімдер мен қызметтерге айналдыруға көмектесетін бірегей бастама.

Байқауға кімдер қатыса алады:

Қоршаған ортаға кері әсерді азайту мүмкіндігі бар инновациялық технологиясы немесе ерте сатыдағы жобасы бар кем дегенде 2 адамнан тұратын командалар.

Жасыл технологиялардың келесі бағыттары бойынша іріктеу өтеді:

  • жаңартылатын энергия,
  • суды тиімді пайдалану,
  • энергия тиімділігі,
  • қалдықтарды басқару,
  • озық химиялық заттар мен материалдар,
  • көлік,
  • жасыл құрылыс.

Өтінімдер 2023 жылдың 25 мамырына дейін GCUP сайтында Қазақстан секциясында қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша:

8 (7172) 799 925;
8 (7172) 799 926;
+7 701 120 97 68;
+7 701 274 88 00;
s.bishimbayeva@igtipc.orgzh.ugan@igtipc.org.

Конкурс туралы толығырақ

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту