Ақпарат:

25 қыркүйек 2025 265

Геология мұражайында «Философиялық тас» жобасы аясында екінші кездесу өтті

Геология мұражайында «Философиялық тас» жобасы аясында екінші кездесу өтті

Қ.И. Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институтының Геология мұражайы алдында ескі геологиялық шатыр қайтадан тігіліп, гитара үні естілді – мұнда «KAZMinerals» тобының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан «Философиялық тас» жобасы аясындағы екінші дәріс өтті. Дәріс Сәтбаев университетінің студенттері және жас геологтарының бастамасымен ұйымдастырылды. Олар осы бастаманың жалғасуына ерекше қызығушылық танытып, Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған минералдар мен тау жыныстары қойылған көрмелердің арасында дәріс өткізді.

Бұл кеште минералдар тірілгендей болды: студенттер уақыт пен мәдениетке ерекше саяхат жасады. Дәрісті «Асабалар» театрының актері және «Apollo’s» тобының солисі Аполлон Корчинский жүргізіп, ғылыми лекцияны өмірмен өрілген әсерлі әңгімеге айналдырды. Оған суретші Алпамыс Батыров қосылып, жарық маппинг көмегімен дәрісті театрландырылған қойылымға айналдырды. Сөйтіп геология студенттерге жай ғана ғылым емес, адамзаттың маңызды мәдени коды ретінде көрінді.

Студенттер де іс-шараға белсенді түрде араласып, өздерінің «философиялық тасын» іздеуге шықты. Кварц – білім тазалығын, обсидиан – ақиқатты іздеудегі батылдық пен тәуекелді, ал нефрит – күш пен мәңгілікті білдірді. Қатысушылар минералдарды өздерінің жеке түсініктерімен, ғылым тарихымен және өркениеттің болашағымен байланыстырды.

Бұл жоба геология тек пайдалы қазбаларды зерттеу мен өндіру ғана емес, сонымен қатар философия, өнер және стратегия екенін тағы бір мәрте көрсетті. Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы мен «KAZMinerals» тобының қолдауы арқасында мұражай интеллектуалды ізденіс алаңына айналды – мұнда болашақ зерттеушілер өз мамандықтарынан шабыт алып, жаңа идеялар ашуда.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту