Ақпарат:

16 қыркүйек 2022 2721

Геология және мұнай-газ ісі институты Президенттің жолдауын талқылауда

Геология және мұнай-газ ісі институты Президенттің жолдауын талқылауда

"Химиялық және биохимиялық инженерия" және "Геологиялық түсіру, пайдалы қазбалар кен орындарын іздеу және барлау" кафедраларының эдвайзерлері үшінші курс студенттерімен эдвайзерлік сағаттарын өткізді.

Жанар Нармұратова мен Ерқожа Маманов студенттердің назарын мемлекеттік құрылымды өзгертуге ғана емес, сонымен қатар қоғам мен экономикадағы нақты, келесі өзгерістерге аударды:

1. Кәсіпкерлікті ынталандыру, мемлекеттік капитализмнен алыстау және, әрине, ұлттық табысты әділ бөлу.

2. Табиғи ресурстарды игеру саласындағы жұмыс: жер қойнауын игеруге инвестициялар, геологиялық ақпараттың бірыңғай деректер банкін құру және елдің су қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар кешені. Бұл мәселені шешу үшін Үкімет жанындағы Су кеңесінің жұмысын жандандыру, сарапшылар мен ұлттық жоғары оқу орындарын тарту және жағдайды өзгерту жөнінде үш жылдық жоба дайындау қажет.

 3. Адами капиталға инвестициялар білім беру мекемелерінің басымдықтарына айналуы тиіс, олар студенттерді жатақханалармен қамтамасыз етуі, нақты еңбек нарығында қажетті мамандарды даярлауы тиіс, ал халықтың қорғалмаған топтарына көмек көрсету мемлекеттік саясат басымдықтарының бірі болуы тиіс.

Студенттер Жолдауды талқылап, Президенттің ұсыныстары еліміздің барлық тұрғындарының өмірін жақсартуға бағытталған деген қорытындыға келді және реформалар қазақстандықтардың жаңа саяси мәдениетін қалыптастырады деген үміт білдірді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту