Ақпарат:

7 наурыз 2025 1196

Гонконг қаласының CityU филиалы магистранттар мен докторанттарды қос дипломдық бағдарламаларға қабылдауды бастады

Гонконг қаласының CityU филиалы магистранттар мен докторанттарды қос дипломдық бағдарламаларға қабылдауды бастады

CityUHK жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру мектебі деканының орынбасары, профессор Хо Ю Ки Сәтбаев университетінің студенттерімен кездесу барысында өз университетін «Гонконгтік MIT» деп атады, бұл кездесу қос дипломдық білім беру бағдарламаларына студенттердің алғашқы тобын қабылдау аясында өткен еді.

Гонконг CityU университетінің өкілдері оқу жетістіктері мен ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша осыған дейін іріктеуден өткен үміткерлермен сұхбат жүргізді. Сұхбаттан кейін Computer Science, Material Science және Civil Engineering бағыттары бойынша таңдап алынған кандидаттар CityU университетінде оқуларын жалғастырады. Оқу 2025 жылғы қыркүйек айында басталады.

Сонымен қатар Гонконг делегациясы Сәтбаев университетінің студенттерімен кездесіп, CityU университетінде магистратура мен докторантура бағдарламасы бойынша білім алу мүмкіндіктері туралы әңгімеледі. Қонақтар лекция оқып, студенттердің сұрақтарына жауап берді, сондай-ақ болашақта оқуға түсуге ниет білдірген үміткерлерге жеке кеңес берді.

Хо Ю Ки мырза CityUHK бағдарламалары мен оның жұмысы туралы егжей-тегжейлі айтып берді, сөйтіп студенттерді Қазақстан мен Гонконг ұсынып отырған мүмкіндіктерді пайдалануға шақырды:

– Қазіргі ұрпақ – Қазақстанның болашағы, ал сіздердің міндеттеріңіз – ұлтты алға қарай дамыту», – деді ол өз сөзінде. – Қазіргі заманда технология мен жасанды интеллект экономикалық дамудың негізгі драйверлеріне айналуда, ал Қазақстан сол прогрестің бір бөлігі болуы тиіс. Озық білім мен инновациялар қоғамды қалыптастыратын болашақ құру үшін, сіздерді бізге қосылуға шақырамыз.

Халықаралық ынтымақтастық және стратегиялық даму жөніндегі бірінші проректор Самғат Ермекбаев аталмыш дәріске қатысып, қос дипломды PhD бағдарламасы аясында әр студенттің Гонконгта білім алу мүмкіндігі бар екенін, CityU-мен стратегиялық серіктестік аясында келесі кезеңде бұның іске қосылуы жоспарланып отырғанын атап өтті.

Қонақтар сапарының бағдарламасы Гонконгтың CityU университеті мен Сәтбаев университеті өкілдерінің топтық талқылауына және өзара тәжірибе алмасу жұмыстарына жалғасты. Талқылауларда негізінен мына ғылыми бағыттар қамтылды: материалтану, компьютерлік ғылымдар, азаматтық құрылыс және менеджмент. Тақырыптарды талқылауға екі университеттің жетекші профессорлары мен зерттеушілері қатысты, бұл оларға академиялық ынтымақтастықтың, бірлескен зерттеулер мен тағылымдамадан өтудің жаңа жолдарын анықтауға мүмкіндік берді.

Еске салайық, Сәтбаев университеті мен Гонконг қалалық университеті 2023 жылдың желтоқсан айында инновациялық стратегиялық серіктестік орнату туралы келісімге қол қойған болатын. Осы келісім аясында екі жақ тараптар Сәтбаев университетінің базасында CityU университетінің филиалын ашу туралы шешім қабылдап, қазақстандықтарға әлемдегі ең үздік техникалық университеттердің бірінде білім алуға мүмкіндік ашқан еді.

Гонконг қаласының CityU филиалы магистранттар мен докторанттарды қос дипломдық бағдарламаларға қабылдауды бастады

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту