Ақпарат:

19 маусым 2025 1333

«Гранит» бюросы базасында Сәтбаев университетінің «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасының филиалы ашылды

«Гранит» бюросы базасында Сәтбаев университетінің «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасының филиалы ашылды

Алматыда радиоэлектроника және байланыс саласында қазақстандық жетекші кәсіпорындардың бірі – «Гранит» арнайы конструкторлық-технологиялық бюросы базасында «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасы филиалының ресми ашылу салтанаты өтті. Бұл бастама білім, ғылым және нақты секторды біріктіруге бағыттала отырып, университет пен өндіріс арасындағы стратегиялық серіктестіктің бір бөлігіне айналды.

«Гранит» бюросы – радиоэлектрондық жүйелер, әуе қорғанысы, радиолокациялық және ақпаратты техникалық қорғау саласында қазақстандық жетекші кәсіпорындардың бірі. Бұл ғылымның, инженерия мен қорғаныс қауіпсіздігінің қиылысқан тұсында жұмыс істейтін және радиолокациялық станциялар мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін орнататын ғылыми-өндірістік кешен.

Бюро қолданбалы ғылыми жобаларға және жоғары технологиялық шешімдерді әзірлеуге белсене қатысады. «Электроника, телекоммуникациялар және ғарыштық технологиялар» кафедрасы филиалының ашылуы арқасында студенттер мен магистранттар заманауи өндіріске, тамаша зертханаларға, технологиялық процестер мен инженерлік тапсырмаларға тікелей қол жеткізе алады, бұл олардың практикалық тұрғыда дайындықтарын айтарлықтай арттырады.

Кафедраның ашылу салтанатына Сәтбаев университеті тарапынан Ғылым және корпоративтік даму жөніндегі проректор Ержан Көлдеев, кафедра меңгерушісі Ерлан Таштай, сонымен қатар оқытушылар мен ғылыми қызметкерлер қатысты. Бюроның бас директоры Талғат Адамов қонақтарға кәсіпорынды аралатып, инженерлік кадрлардың жаңа буынын даярлауда университетпен ынтымақтастық қарым-қатынастың маңызды екенін өз сөзінде атап өтті.

Филиал бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру, оқытушыларды тағылымдамадан өткізу және студенттерді оқыту алаңы қызмет атқаратын болады, оның бәрі тәжірибе жинақтау мақсатындағы мол дайындығы, терең инженерлік базасы мен нақты өндірісте жұмыс істеген тәжірибесі бар, бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыруға бағытталған ғылым, білім және нақты сектор интеграциясы моделінің негізінде жүзеге асады. Мұндай серіктестік еліміздегі инженерлік мектептің одан әрі дамуына қуатты серпін беріп, жоғары технологиялық экономиканың сын-қатерлеріне төтеп бере алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік ашады деп күтілуде.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту