Ақпарат:

5 ақпан 2024 2446

Ғылым қорының Басқарма төрағасы инновациялық жобалармен танысу үшін Сәтбаев Университетіне келді

Ғылым қорының Басқарма төрағасы инновациялық жобалармен танысу үшін Сәтбаев Университетіне келді

Ғылым қорының Басқарма төрағасы жұмыс сапарымен Камиль Ақатов Сәтбаев Университетіне келіп, университеттің тау-кен ісі және ұшқышсыз ұшу жүйелері саласындағы соңғы әзірлемелерімен танысу мақсатында университеттің жетекші ғалымдарымен кездесті.

Ғалымдар жасаған әзірлемелерін ортаға салды. Профессор Серік Молдабаев тереңдікте орналасқан кен орындарын ашық әдіспен өндіру саласындағы жұмыс аясында тік еңіс қабаттары бар тау-кен жұмыстарын күшейту әдісін енгізу бойынша өз жобасын ұсынды. Бұл инновациялық тәсіл пайдалы қазбалар өндірісінің тиімділігін арттырады деп күтілуде.

Ғылым докторы Алексей Оксененко ауыл шаруашылығында дәл жер өңдеу кезінде қолданылатын ұшқышсыз ұшу аппараттары саласындағы озық технологиялармен таныстырды. Ол ауыл шаруашылығына арналған прогрессивті шешімдерді ұсына отырып, осы технологияны қолданудың барлық мүмкіндіктерін жан-жақты ашып берді.

Кездесу барысында Камиль Ақатов сондай-ақ университет басшылығымен жиын өткізіп, Коммерцияландыру кеңсесінің жұмысымен танысты. Басқарма төрағасы Ғылым қоры мен университет арасындағы инновациялық және ғылыми зерттеулер саласы бойынша ынтымақтастық қарым-қатынастың келешегі туралы талқылады.

Сәтбаев Университетіне сапар жасау Ғылым қорының отандық перспективалы инновациялық жобаларды іздеу және қолдау жөніндегі стратегиясының бір бөлігі болып табылады. Кездесуде ғылыми қауымдастық пен Қазақстанда инновациялық технологияларды дамытуға ықпал ететін институттар арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынастың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Ғылым қорының Басқарма төрағасы инновациялық жобалармен танысу үшін Сәтбаев Университетіне келді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту