12 сәуір 2021 3883

Ғылым күні құтты болсын!

Ғылым күні құтты болсын!
Тулешов Амандык Куатович

Құрметті әріптестер, ғылыми қызметкерлер, магистранттар мен докторанттар!

Бүгін Сәтбаев Университеті үшін ерекше күн, өйткені бүгін үш мереке бірігіп отыр –  Қазақстанда Ғылым қызметкерлерінің күні, Халықаралық ғарыш күні және Ұлы ғалым, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың туғанына 122 жыл толды.

Бұл даталардың барлығы біздің мемлекетіміз пен азаматтарымыздың әл-ауқатының кепілі ретінде еліміздің басты басымдықтарының бірі болып табылатын инновациялармен және ғылыми жетістіктермен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау шеңберінде Сәтбаев Университеті университеттің ғылыми әлеуетін шетелдік ғылыми тағылымдамалар арқылы дамытуға, оқытушылар мамандығының беделін арттыруға және Қазақстанның ғылыми-техникалық дамуындағы басым бағыттарды нығайтуға ерекше назар аударады.

Сәтбаев Университетінің қызметкерлері мен Қазақстан Республикасының барлық ғалымдарын осы атаулы мерекемен шын жүректен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, аманшылық, жемісті еңбек және шығармашылық табыс тілеймін! Мереке құтты болсын!

Игі тілекпен,
Сәтбаев Университеті Ректорының міндетін атқарушы
Тулешов Амандық Қуатұлы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту