Ақпарат:

17 сәуір 2026 89
4 12 17

Ғылым тілі және тұрақты даму: Satbayev University жаңа буын зерттеушілерін қалыптастырады

Ғылым тілі және тұрақты даму: Satbayev University жаңа буын зерттеушілерін қалыптастырады

«Satbayev International Conference 2026» аясында Satbayev University-де Жобаларды басқару институтының Шетел тілдері кафедрасы «Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы және тұрақты даму жағдайында болашақ инженерлерді даярлау» тақырыбында секциялық отырыс өткізді. Іс-шара атақты геологтың ғылыми мұрасына және тұрақты даму жағдайында болашақ инженерлерді даярлау мәселелеріне арналды.

Секция жұмысының негізгі назарында студенттердің академиялық және тілдік құзыреттерін дамыту, сондай-ақ оларды ғылыми-зерттеу қызметіне ерте кезеңнен тарту мәселелері болды.

Секцияның ерекшелігі – бірінші курс студенттерінің белсенді қатысуы. Олар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде баяндамалар жасады. Қатысушылар жаһандық климаттық және технологиялық сын-қатерлер жағдайында инженерлік білім берудің рөлін, сондай-ақ болашақ мамандардың кәсіби қызметінде тілдік дайындықтың маңызын талқылады.

Мұндай формат зерттеушілік дағдыларды қалыптастыруға, сыни ойлауды дамытуға және мәдениетаралық коммуникацияны нығайтуға ықпал етеді, бұл заманауи инженер кадрларды даярлаудың маңызды бөлігі болып табылады.

Аталған бағыттағы кафедра жұмысы білім беру сапасын арттыруға, халықаралық академиялық ынтымақтастықты дамытуға және жаһандық ғылыми-технологиялық ортада сұранысқа ие құзыреттерді қалыптастыруға бағытталған.

Бұл материал Satbayev University-дің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына (UN 2030 Agenda for Sustainable Development) қосқан үлесі аясында дайындалды:
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту