7 қазан 2021 3935

Ғылыми кеңес отырысы өтті

Ғылыми кеңес отырысы өтті

2021 жылы 7 қазан күні Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ Ғылыми кеңесі жаңа құрамының бірінші отырысы өтті.

Отырыс университет қызметкерлеріне ҚР БжҒМ марапаттарын тапсырудан басталды. Марапаттарды Басқарма төрағасы – Ректор Бегентаев Мейрам Мұхаметрахимұлы табыс етті. Ол марапат алған қызметкерлер мен Ғылыми кеңестің жаңа құрамын құттықтап, олардың жұмыстарына сәттілік тіледі.

Алғашқы отырыста Ғылыми кеңес мүшелері Бас ғылыми хатшыны сайлады. Бұл лауазымға физика-математика ғылымдарының кандидаты, доцент Тұрмағамбетова Күләш Уәлиқызы бірауыздан сайланды. Ғылыми кеңестің 2021–2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бекітілді.

Ғылым департаментінің директоры Ж.Қ. Бақтығали «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті» КеАҚ қызметкерлері мен білім алушыларын рейтингтік (рецензияланатын) ғылыми журналдардағы жарияланымдары үшін марапаттау туралы Ереженің» жобасын ұсынды. Аталған Ереженің негізгі міндеті – университет қызметкерлерінің зерттеу және жариялау белсенділігін арттыруға ынталандыру. Ғылыми кеңес мүшелері қаралып отырған жобаның ғылыми және жарияланым қызметі нәтижелілігінің аса жоғары көрсеткіштеріне қол жеткізген мақала авторларын материалдық көтермелеу бөлігіне түзетулер енгізді.

Әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор М.С. Алимханов Ғылыми кеңес мүшелеріне жетім балалар, мүгедек балалар, халықтың әлеуметтік жағдайы төмен тобындағы балаларды (көп балалы отбасылар, мүгедек ата-аналар және т. б.) әлеуметтік қолдауға, сондай-ақ білім алушылардың ғылыми қызметін материалдық ынталандыруға бағытталған «ҚазҰТЗУ КеАҚ білім алушыларына білім беру қызметтеріне жеңілдіктер беру және материалдық ынталандыру (көтермелеу) жөніндегі Ереже"» жобасын ұсынды. Осы жобаны талқылау барысында университет Ректоры М.М.Бегентаев ғылым мен техникада ерекше талант пен дарындылық танытқан жастарды қолдаудың маңыздылығын атап өтті.

Ғылыми кеңес қарастырылған Ережелерді бекітті. Тиісті құрылымдық бөлімшелерге оларды іске асыру жөнінде тапсырма берілді.

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Satbayev University подписал меморандум о сотрудничестве в сфере строительства

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту