24 ақпан 2020 8259

Ғылымның өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз

Ғылымның өзекті мәселелеріне арналған Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференцияға қатысуға шақырамыз

Сәтбаев университетінің Металлургия және байыту институты 2020 жылы 22 қарашада «Ғылымның өзекті мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық интернет-конференция өткізуді ұйымдастырып отыр.

Конференция ғылыми жетістіктермен бөлісіп, тәжірибе алмасуды және ғылым дамуының өзекті мәселелерін шешуге арналған жаңа көзқарастармен санасуды көздеп отыр. Сондықтан да аталмыш конференцияға қазіргі заманғы алдыңғы қатарлы технологияларды қолдана отырып, ғылымның дамуына өз үлесін қосқысы келетін кез келген адам қатыса алады. Конференция материалдарының жинағына жариялау үшін мақала қабылдау жұмысы басталды.

Металлургия және байыту институты академиялық басылымдар баспагерлері CrossRef Халықаралық ассоциациясының мүшесі болып табылады. Конференция материалдарында жарық көрген барлық баяндамаларға CrossRef DOI идентификаторы беріледі, ол зияткерлік меншікті қорғауға толық мүмкіндік береді.

  

Конференцияға мына бағыттарда баяндамалар қабылданады:

  • Техникалық ғылымдар
  • Педагогикалық ғылымдар
  • Биологиялық ғылымдар
  • Физико-математикалық ғылымдар
  • Медицина ғылымдары
  • Химия ғылымдары
  • Тарихи ғылымдар
  • Экономика ғылымдары
  • Психология ғылымдары
  • Филология ғылымдары
  • География ғылымдары
  • Заң ғылымдары
  • Философиялық ғылымдар
  • Саяси ғылымдар
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Фармацевтика ғылымдары
  • Сәулет
  • Өнертану
  • Ауыл шаруашылық ғылымдары
  • Әскери ғылымдар
  • Жер туралы ғылымдар
  • Геология-минералогиялық ғылымдар
  • Ветеринария ғылымдары
  • Мәдениеттану

 

Көнференция үш тілде өтеді: қазақ, орыс және ағылшын. Материалдарды дедлайн түрде қабылдау: 15 қараша 2020 ж. Өткізу форматы: электронды түрде. Ұйымдастыру жарнасы: әрбір автордан 5700 теңге (ҚР резиденттері емес тұлғалар үшін $15 АҚШ). Тапсырыс беру үшін 2020 жылғы 15 қарашаға дейін міндетті түрде мақаланы және оның ақысы төленгені жөніндегі түбіртекті мына поштаға жіберу керек: е-mail: conference@kims-imio.kz. Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз: 8 (727) 298-45-19.

Конференция туралы толық ақпарат және материалдарды дайындау шарттары

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту