I am the next Satbayev
Байқаудың шарты бойынша әр қатысушы өз жоспарларын құрып, шешендік және актерлік қабілеттерін көрсетуге, сондай-ақ ағылшын тілінде бейнебаян құрудың креативті тәсілін көрсетуге тиіс еді.
Байқауға ағылшын тілі кафедрасының барлық курс студенттері қатысып, бейнебаян түсірді, сөйтіп заманауи қоғамда өздері бәсекеге қабілетті және көшбасшылық қасиеттерге ие екендіктерін көрсете білді.
Байқау қорытындысы бойынша келесі студенттер марапатталды:
1-орын – 50 000 тг. Қаржасов Жасұлан, Машина жасау
2-орын – 30 000 тг. Рахов Тимур, Металлургия
3-орын – 20 000 тг. Керімбай Қанағат, Технологиялық машиналар және жабдықтар.
Сонымен қатар бірнеше студент «Ең өршіл», «Ең көркем», «Ең үздік тіл үйрету» номинациялары бойынша жеңімпаз атанды. Оларға «Сулпак» компаниясынан power banks тапсырылды.
Жыл сайын Ақжан Машани атындағы Базалық білім беру институтының ағылшын тілі кафедрасы ағылшын тілі апталығын өткізеді. Аталмыш жиында көптеген іс-шаралар мен жобалар ұйымдастырылады. Біздің университетте керемет дәстүрге айналып отырған ңң қызықты да маңызды жобалардың бірі – «I Am The Next Satbayev» («Мен келесі Сәтбаевпын») атты жоба. Бұл инновациялық бейне жобасы екінші жыл қатарынан өткізілуде. Жобаның идеясы әлеуметтік ғылымдар кафедрасының меңгерушісі Ақатаева Әлия Асқарқызына тиесілі. Осы кісінің басшылығымен өткізілетін бейнежоба жыл сайынғы дәстүрге айналды. 2019 жыл – университет үшін мерейтой жылы. 2019 жылы 12 сәуір – көрнекті геолог, академик, өз заманының ең ірі ойшылы, Қазақстанның өркениетті индустриалды дамуына шексіз үлес қосқан ғалым Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың 120 жылдығы.
Бір ғасырдан кейін заманауи цифрлық технологиялар мен ұлы жаңалықтардың қарқынды дамуы басталды. Әлем индустриалды қоғамнан ақпараттық қоғамға көшуді бастады. «I am the next Satbayev» жобасы біздің заманымыздың заманауи шынайылығын тамаша көрсетеді. Сәтбаев университеті барлық талантты жастарды Қаныш Имантайұлы Сәтбаев сияқты көшбасшы болуға шақырады. Қарапайым халықтан шыққан ғалым ХХ ғасырдың қиын жағдайында өмір сүрсе де, ғылыммен етене айналысып, еліміздің индустриалды дамуына зор үлес қосты және ұрпаққа рухани бай мұрасын қалдырды. Республикамыздың түкпір-түкпірінен келген жастар үшін бұл жоба – Сәтбаевтың ізін жалғастыру жолындағы үлкен мүмкіндік.
Жобаны Сәтбаев университеті және Қазақстанда тұрмыстық техника мен электрониканы сату саласында көшбасшы болып табылатын «Sulpak» компаниясы қаржыландырды.