16 қаңтар 2024 2913

«Integro Expert» компаниясымен Satbayev University арасындағы ынтымақтастық басталды

«Integro Expert» компаниясымен Satbayev University арасындағы ынтымақтастық басталды

2024 жылғы 12 қаңтарда Satbayev University өкілдері ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою үшін «Интегро Эксперт» компаниясының басшылығымен кездесті. Бұл құжатқа «Инженерлік жүйелер мен желілер» кафедрасының қауымдастырылған профессоры Владлена Шевцова мен «Интегро Эксперт» бас директоры Владимир Алексеев қол қойды. Тараптар келесі қадамдарды талқылап, таяу болашаққа арналған бірлескен ынтымақтастық жоспарын белгіледі.

 «Интегро Эксперт» - 20 жылдан бері еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және экология саласында қызмет көрсететін компания. Осы компаниямен ынтымақтастық туралы меморандум дипломдық жұмыстар мен ғылыми зерттеулер тақырыбын келісуге, семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар ұйымдастыруға, Satbayev University студенттерін жұмыспен қамту жәрмеңкесіне қатысуға, университеттің студенттері мен түлектерінің өндірістік практикасы мен тәжірибе алмасу өткізуге қатысуын көздейді.

Қол жеткізілген келісімнің нәтижесінде «Инженерлік жүйелер мен желілер» кафедрасы филиалының базасында «Қауіпсіздік және еңбекті қорғау» курсы бойынша оқытудан өтуге және мемлекеттік үлгідегі сертификатты алуға болады, ол кез келген қолданыстағы немесе болашақ басшы қызметкерге және кез келген өндірісте еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауға жауапты адамдарға қажет. Курстың бірінші бітіруші түлектері «Өндірістегі гигиена және еңбекті қорғау» білім беру бағдарламасының магистранттарына сертификаттар берілді.

Өндірістегі қауіпсіздік проблемаларын тереңірек зертеу үшін «Техносфералық қауіпсіздік» қосымша білім беру бағдарламасы (Minor) ашылды.

Болашақта қызметкерлердi жеке қорғау құралдары бойынша бiрлескен ғылыми зерттеулер жүргізу және оларды өндіріске енгізу жоспарлануда.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту