International Staff week байқауына қатысуға құжаттар қабылдау басталды
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі сіздерге 2020 жылдың 30 наурызы мен 3 сәуірі аралығында Erasmus+бағдарламасының қолдауымен Bialystok University of Technology (Польша) International Staff week өтетіні туралы хабарлайды.
Erasmus+ бағдарламасы жол жүруге бір ғана орын береді. Жол жүру және тәуліктік шығындар бағдарлама есебінен төленеді.
Осыған орай, қызығушылық танытқан сәулет және құрылыс, ақпараттық жүйелер, қоршаған орта, машина жасау және электротехника салаларының оқытушылық құрам мүшелерінен грант конкурсына қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыруды сұраймыз:
-
Ағылшын тілінің деңгейін көрсететін халықаралық сертификат (IELTS, TOEFL)
-
CV (Europass форматында)
-
Шетелдік паспорт көшірмесі
-
Қабылдаушы ЖОО-да жасайтын жұмыс жоспары
Құжаттар қағаз түрінде ұсынылуы тиіс. Құжаттарды қабылдаудың соңғы күні: 27 қараша 2019 жыл. Барлық сұрақтар бойынша 10.00-ден 11.00-ге дейін Халықаралық ынтымақтастық бөліміне хабарласуға болады (НК, 903-каб.).