Ақпарат:

29 желтоқсан 2020 4799

IQAA қазақстандық жоғары оқу орнын 7 жылға алғаш рет аккредитттеді

IQAA қазақстандық жоғары оқу орнын 7 жылға алғаш рет аккредитттеді

2020 жылы 26 ​​желтоқсан күні Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің (IQAA) Аккредиттеу Кеңесі Сәтбаев Университетін 7 жылдық мерзімге институционалды аккредиттелді.

Бұл Қазақстанның жоғары білім беру тарихында бұрын-соңды болмаған жағдай. Университет максималды мерзімге институционалды аккредиттеуден өткен және академиялық адалдық принциптерін ескере отырып, жаңартылған IQAA стандарттары бойынша аккредитациядан өткен қазақстандық тұңғыш университет болып отыр. Университеттің академиялық саясатын қатаң сақтау және академиялық тұтастық принциптерінің  бұзылуына жол бермеу – университеттің білім беру процесінің басым бағыттары болып табылады.

Институционалдық аккредиттеу стандарттары мен критерийлері ESG-дің (Еуропалық стандарттар мен жоғары білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқаулық) 4 негізгі қағидаттарына негізделген:

  • Университеттер білім беру қызметтерін ұсыну сапасына және олардың сапасын қамтамасыз етуге толығымен жауап береді.
  • Сапа кепілдігі жоғары білім беру жүйелерінің, жоғары оқу орындарының, оқу бағдарламалары мен студенттердің әртүрлілігіне сәйкес келеді.
  • Сапаны қамтамасыз ету сапа мәдениетін дамытуға септігін тигізеді.
  • Сапаны қамтамасыз ету студенттердің және басқа да барлық мүдделі тараптар мен жалпы қоғамның қажеттіліктері мен үміттерін ескереді.

IQAA комиссиясы өзінің қорытынды есебінде  «Сарапшылар тобы жүргізген сыртқы аудит Сәтбаев Университетінің миссиясы, көзқарасы, мақсаттары мен міндеттері оны Қазақстан мен Орталық Азиядағы жетекші техникалық университет ретінде қалыптастырғанын растады, бұл жоғары оқу орны еліміз бен аймақтың білім беру және ғылыми экожүйесінің негізгі элементтерінің бірі болып табылады.  Сәтбаев Университетінің ғылыми қауымдастығы мемлекеттік ғылыми гранттар шеңберіндегі іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыруға ғана емес, сонымен қатар экономиканың корпоративтік секторының ғылыми мәселелерін шешуге және университеттің тиімді инвестицияларын нақты өндіріске салуға орасан зор үлес қосып келеді. Атап айтқанда, Suamgas, Higer Qazar, Тау-Кен ҒИО секілді инвестициялық жобалар корпоративтік сектордың ғылыми ағымдарын жинақтап қана қоймай, сонымен қатар елдегі технологиялық еңбек нарығында жаңа ғылыми шыңдарды қалыптастыруға мүмкіндік береді» – деп атап өтті.

IQAA – қазақстандық және шетелдік білім беру мекемелерінің білім беру сапасын және бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында құрылған коммерциялық емес ұйым. IQAA – Академиялық рейтингтер мен шеберлік жөніндегі халықаралық обсерваторияның (IREG) негізін қалаушы ұйымы. Ол 2008 жылдан бастап жыл сайын елдің үздік университеттерінің Ұлттық рейтингін өткізеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту