31 қаңтар 2024 1903

Иран Бас Консулдығының өкілдері Сәтбаев Университетіне келді

Иран Бас Консулдығының өкілдері Сәтбаев Университетіне келді

Иран Ислам Республикасының Алматыдағы Бас консулы Мохсен Фагани және мәдениет жөніндегі атташе Хоссейн Агазадемен кездесу өтті. Қонақтарды университет ректоры Мейрам Бегентаев пен оқу ісі жөніндегі проректор Бақыт Жәутіков қарсы алды.

Кездесу Иранның жоғары техникалық білім саласындағы кең мүмкіндіктерімен танысуға арналды. Кездесу барысында Сәтбаев Университеті мен Иран университеттерінің білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық қарым-қатынасы туралы талқыланды. Мохсен Фагани студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығынан, сондай-ақ студенттерге арналған қысқа мерзімді практикалық курстардан бастап, ынтымақтастықты одан әрі кеңейтуді ұсынды.

Иран – әлемдегі ең көне мемлекеттердің бірі. Бұл елде жоғары білім алу тегін, дегенмен кез келген басқа елдегі сияқты мұнда да коммерциялық университеттер бар. Бүгінгі таңда Иран билігі білім беру саласына айтарлықтай назар аударып отыр. 2008 жылдың қорытындысы бойынша Иран ғылымды қарқынды дамытудың арқасында әлемдік көшбасшылар қатарына қосылды. Бұл елде техникалық біліммен қатар инновация да қарқынды дамып келеді. Иранда Таяу Шығыстағы ең беделді университеттердің бірі – Тегеран университеті орналасқан. Ал елдегі екінші ірі оқу орындарының бірі – Шариф атындағы Технологиялық университет әлемдегі ең үздік 1000 университеттің қатарына кіреді.

Бұл елде барлығы 40 техникалық жоғары оқу орны бар, олар өздерінің білім беру бағдарламаларымен танымал, атап айтқанда, ядролық сала бойынша, биотехнология, инжиниринг, мұнай-газ кен орындары. Мұның бәрі жоғары білім алуға және тәжірибе алмасуға мол мүмкіндік береді. Студенттер Иранның бірегей және алуан түрлі мәдениетімен танысу мүмкіндігіне де ие болады. Бұл елдегі білім де тарихты, өнерді және тілді зерттеуге бірегей перспективалық мүмкіндіктер береді.

Иран Бас Консулдығының өкілдері Сәтбаев Университетіне келді

Иран Бас Консулдығының өкілдері Сәтбаев Университетіне келді

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту

Whoops, looks like something went wrong.