Итальяндық сәулетші Сәтбаев Университетінің студенттері мен оқытушыларына BIM-технологияларының мүмкіндіктерін ашуда
27 сәуір күні Сәтбаев Университетінің Сәулет және құрылыс факультетінің оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері итальяндық сәулетші Умберто Алезимен және Италия-Қазақстан палатасының Қазақстанмен коммерциялық байланыс бойынша президенті Джулио Аматуччи мырзамен кездесті.
Итальяндық мамандар қазақстандық әріптестерімен жобалаудың инновациялық құралдары және әдістерін қолдану арқылы жасалатын дизайнға көзқарастарымен бөлісті. Әсіресе BIM-технологияларға және олардың сәулет шығармашылығына қалай көмектесетініне көп көңіл бөлінді, өйткені бұл технологиялардың көмегімен жасалған дизайн әлемде жетекші орындарға ие болады.
Кездесу Италия-Қазақстан палатасының Қазақстанмен коммерциялық байланысы бойынша Бас хатшысы Андреа Миеле мырзаның бастамасымен өтті. Екі жақ тараптар кәсіби мәселелерді шешу жолдарын және болашақтағы ынтымақтастық қарым-қатынас жөнінде талқылады. Ал Т.Бәсенов атындағы Сәулет және құрылыс институтының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Болат Құспанғалиев кездесуде модератор болды.
Сәулетші Умберто Алези – «AlesiDesign» итальяндық сәулет-дизайн компаниясының президенті және оның негізін қалаушы, сонымен қатар Италияда лицензиясы бар Британдық сәулетшілер корольдік институтының мүшесі, BIM-технологиялары бойынша жетекші маман, ғимаратты ақпараттық модельдеу саласы бойынша сарапшы, BIM RICS дипломыының иегері. Оның жұмыстарының қатарында итальяндық және ірі халықаралық жобалар, виллалар, бизнес орталықтар, палаццолар бар. Умберто – Еуропада BIM-технологияларын дамытушылардың бірі, ол өзінің терең білімін басқалармен қуана-қуана бөліседі және жаңа әдістерді бүкіл әлемге таратады.