22 қыркүйек 2020 4518

JSTOR журналдарына тестілік қолжетімділік ашылды

JSTOR журналдарына тестілік қолжетімділік ашылды

Сәтбаев университеті пайдаланушылары үшін JSTOR журналдарына тестілік қолжетімділік ашылды. База 2020 жылдың 30 қыркүйегіне дейін ашық.

"Journal Storage" деректер базасы — шетелдік ғылыми журналдардың электрондық көшірмелерінің политематикалық мұрағаты және олардың басым көпшілігі ағылшын тілді басылымдар. Бұл база 1665 жылдан бастап құжаттарды қамтиды және деректер базасындағы барлық материалдар бойынша толық мәтіндік іздеу жүргізуге мүмкіндік береді. Базаға беделді редакция алқасы бар кәсіби басылымдар енгізілген.

JSTOR әрбір басылымның барлық мұрағаттық нөмірлеріне, тіпті,  журналдың алғашқы шығарылымына дейін қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Жеке басылымдарға келер болсақ, бұл XVII ғасырда шыққан нөмірлер де болуы мүмкін.

Тестілеу мұрағаттық және ағымдағы жинақтарға ашық.

Қашықтан қол жеткізу үшін кітапханада 2 92 09 75 телефоны немесе auteulova.88@mail.ru электрондық поштасы арқылы логин мен құпиясөзді сұрау керек.

Жұмыс мекен-жайы

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту