Ақпарат:

5 наурыз 2020 7062

Қ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен ісі институтына Қанай Рысбеков директор болып тағайындалды

Қ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен ісі институтына Қанай Рысбеков директор болып тағайындалды

Үстіміздегі жылы 5 наурыз күні Сәтбаев университеті Қ. Тұрысов атындағы Геология, мұнай және тау-кен ісі институтының ұжымын жаңа директор Қанай Бахытұлы Рысбековпен таныстыру рәсімі өтті. Институт ұжымы жаңа директорды жылы шыраймен қарсы алды, ал белгілі ғалым, Сәтбаев университеті ректорының ғылым жөніндегі кеңесшісі, техника ғылымдарының докторы Баян Рақышев ұжым атынан құттықтау сөз сөйлеп, Қанай Рысбековтың университет дамуына қосқан зор үлестерін атап өтті және оған жаңа қызметте мол табыстар тіледі.

Қанай Рысбеков – Тау-кен ісі кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, 20 жылдан астам еңбек тәжірибесі бар оқытушы.

Ол тау-кен инженер-маркшейдері, көптеген ғылыми жобалардың жетекшісі. РФ Тау-кен академиясының академигі, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық тау-кен академиясының академигі, РФ Халықаралық экология және тіршілік  қауіпсіздігі ғылыми академиясының академигі. Әр жылдарда Тау-кен институтының директоры, ҚР БжҒМ жанындағы Білім және ғылым саласын бақылау жөніндегі комитеттің эксперттік кеңесінің мүшесі қызметтерін атқарды. Жас талантты ғалымдарға арналған мемлекеттік ғылыми стипендияның иегері болды.

Қанай Рысбеков – 100-ден аса ғылыми еңбектің, 3 оқулықтың, 3 монографияның, 7 оқу құралының авторы. Қазақстан Республикасының ғылым мен техника саласы бойынша берілетін әл-Фараби атындағы Мемлекеттік сыйлығына ұсынылған ғылыми еңбектерге эксперттік-аналитикалық бағалау жұмыстарын жүргізу жөніндегі секцияның мүшесі. «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургиялық кәсіпорындардың республикалық қауымдастығы»  жанындағы кәсіби стандарттың штаттан тыс эксперті.

Пайдалы қазбалар кен орындарын өндіру барысындағы экологиялық қиындықтар мен жер қойнауын кешенді және тиімді түрде игеру саласы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын  жүргізеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту