Ақпарат:

5 мамыр 2025 191

Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы университеттерді Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әріптестікке жетелейді

Қаныш Сәтбаевтың ғылыми мұрасы университеттерді Қазақстан мен Пәкістан арасындағы әріптестікке жетелейді

Сәтбаев университеті халықаралық ынтымақтастық көкжиегін кеңейте түсіп, Пәкістанның Ұлттық ғылым және технология университетімен серіктестік қарым-қатынас орнатты. Келісім аясында екі университет Пәкістанның ҰҒТУ базасында Қаныш Сәтбаев атындағы Ғылыми-білім беру орталығын құру туралы мәселені талқылауда, ол келесі оқу жылында ашылады деп жоспарланып отыр.

Исламабад қаласында ҰҒТУ кампусында орналасатын болашақ орталық студенттерді, оқытушылар мен білімге құштар барлық жанды біріктіре отырып, ғылымды насихаттайтын беделді орынға айналады. Әсіресе қазақ мәдениеті мен қазақ геологиялық мектебінің негізін қалаушы, еліміздің көрнекті әрі ұлы ғалымдарының бірі Қаныш Сәтбаевтың тұлғасына ерекше назар аударылатын болады. Мұнда бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізіліп, ұлы ғалымның мұрасын насихаттауға бағытталған танымдық бастамалар қолға алынбақ.

Сәтбаев Университеті мен ҰҒТУ арасындағы серіктестік қарым-қатынас сонымен қатар бірлескен білім беру бағдарламаларын әзірлеуді, өзара студенттермен және оқытушылармен алмасуды, бірлескен ғылыми конференциялар мен семинарлар өткізіп, стартаптар мен инновациялық жобаларға қолдау көрсету жұмыстарын қамтиды. Келісім шеңберінде екі жақ тараптар бастамаларды өзара қолдауға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға мүдделі барлық тұлғалардың оқуы мен кәсіби өсуі үшін қолайлы жағдай жасау туралы келісті.

Келісімге қол қою рәсімі Исламабад қаласында Қазақстан мен Пәкістанның Үкіметаралық бірлескен комиссиясының 13-ші отырысы аясында өтті, оған Қазақстанның жетекші жоғары оқу орындарының өкілдері қатысты. Сонымен қатар Сәтбаев университетінің делегациясы да екі ел университеттерінің Бірінші форумына және «Қазақстанда білім алу» атты білім көрмесіне қатысты. Көрме еліміздегі тұңғыш техникалық университеттің ғылыми жетістіктері мен білім беру мүмкіндіктерін дәріптейді. Бұл келісімдер Қазақстан мен Пәкістан арасында білім беру және ғылым саласы бойынша ынтымақтастықты дамытудың жаңа кезеңін белгілеп, екі ел арасындағы мәдени және академиялық байланысты нығайтуға ықпал етеді.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту