2 шілде 2020 15770

Карантин жағдайында ағылшын тілінен қалай тест тапсыруға болады

Карантин жағдайында ағылшын тілінен қалай тест тапсыруға болады

Ағылшын тілінен емтихан тапсыру - ең қолайлы жағдайларда да қиын тапсырма болып табылады. Емтиханның құны өте жоғары (қазіргі уақытта Қазақстанда IELTS емтиханының бағасы 60 мың теңгеден асады), алдын ала тіркелу қажеттілігі (Қазақстанның кейбір қалаларында IELTS және TOEFL емтихандары екі-үш айда бір рет өткізіледі), нәтижелерін ұзақ уақыт күту... Карантин кезінде жағдай одан сайын қиындай түсті, өйткені көптеген тестілеу орталықтары емтиханды басқа уақытқа ауыстырады немесе белгісіз уақытқа дейін жабылады.

Сәтбаев университеті талапкерлерге көмек ретінде Duolingo English Test ынтымақтастық бағдарламасын даярлады.

Duolingo English Test – бұл ағылшын тіліндегі онлайн тест, ұзақтығы 1 сағатқа созылады және құны 49 долларды құрайды. Тест нәтижесін емтихан тапсырғаннан кейін 48–120 сағат ішінде алуға болады. Тест тапсыру үшін сізге тек тұрақты интернет байланысы және микрофон мен камерасы бар компьютер қажет. Өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы керек.

Duolingo EnglishTest-тің артықшылығы:

  1. Онлайн тестілеу. Оны кез-келген жерде және кез-келген уақытта тапсыруға болады – ол үшін тестілеу орталығына барудың немесе белгілі бір күнге жазылудың қажеті жоқ;
  2. Тест тапсыру үшін небары 1 сағат уақыт қажет. Оның нәтижелері тест тапсырғаннан кейін 2-5 күн ішінде дайын болады;
  3. Құны – 49$, ал нәтижесі бойынша сертификат берілетін басқа тесттердің құны 200$-дан жоғары;
  4. Сынақ тесттен өту мүмкіндігі бар (сынаққа шек қойылмайды);
  5. Duolingo – дүние жүзінде ең көп таралған, шет тілін үйренуге арналған белгілі платформа;
  6. Тек бір ғана түймені басу арқылы емтихан нәтижелерін Сәтбаев университетінің қабылдау комиссиясына жіберуге болады. 

Тестілеу кезеңдері:

  1. Жылдам дайындалу (5 мин). Кіріспе бөлім, бұл кезеңде сізге тест тапсырудың ережелері мен талаптарын түсіндіреді.
  2. Адаптивті тест (45 мин). Стандартты бөлім, бұл кезең сіздің оқу, ауызша сөйлеу, жазбаша білу дағдыңызды және сөзді қабылдай білу қабілетіңізді бағалауға арналған.
  3. Видео арқылы кеңесу (10 мин). Бұл бөлімдегі сұрақтарға сіздің берген жауаптарыңыздың барлығы жазылып отырады.

Duolingo English Test нәтижелері Қазақстанда ресми түрде заңды деп табыла ма?

Иә. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы бұйрығына сәйкес Қазақстанда магистратура мен докторантураға түсуге арналған тілдік сертификаттардың тізімі кеңейтілді. Тілдік сертификаттар Ielts Indicator және Duolingo English Test сертификаттарымен толықтырылды. Ielts Indicator сертификатының жарамдылық мерзімі – 2 жыл, ал Duolingo English Test – 1 жылға жарамды.

Оқуға түсу үшін қанша балл жинау керек?

Duolingo EnglishTest аясында магистратураға түсу үшін 95 балл және докторантураға түсу үшін 85 балл жинау керек.

Сәтбаев университетіне оқуға түсу

   Магистратура    Докторантура  

 Өтініш қабылдау

 Қабылдау емтихандары (Кешенді тестілеу)

 Оқуға қабылдау

 15 маусым – 15 шілде 

 1 – 15 тамыз

 28 тамызға дейін

 3 шілде- 3 тамыз 

 4 – 20 тамыз 

 28 тамызға дейін

Шет тілінен шектік балл көрсеткіштерінің жиынтық кестесі

 IELTS (International English Language Tests System)

 IELTS Indicator

 TOEFL ITP (Test of English as a Foreign Language Institutional
 Testing Program)

 TOEFL IBT (Test of English as a Foreign Language Institutional  Testing Program Internet-based Test)

 TOEFL PBT (Test of English as a Foreign Language Paper-based
  testing)

 Duolingo English Test

 CEFR (Common European Framework of Reference)

 6.0

 6.0

 543
 

 60
 

 498
 

 95

 В2

 5,5

 5,5

 460
 

 46
 

 453
 

 85

 В2

DuolingoEnglishTest ТАПСЫРУ

 

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту