Ақпарат:

19 наурыз 2021 2870

«Қарсыласу қозғалысындағы кеңес азаматтары мен еуропалықтар» атты конференцияға баяндама қабылдау басталды

«Қарсыласу қозғалысындағы кеңес азаматтары мен еуропалықтар» атты конференцияға баяндама қабылдау басталды

«Қарсыласу қозғалысындағы кеңес азаматтары мен еуропалықтар» атты конференция 2021 жылғы 8-9 сәуір айында Ресейдің Новосибирск қаласында өтеді Конференция Халықаралық Қарсыласу қозғалысын еске алу күніне, фашистік концлагерь тұтқындарын босатудың халықаралық күніне, Ұлы Отан соғысының басталуының сексен жылдығына орай өткізіледі.

Конференцияның мақсаты – Екінші дүниежүзілік соғыстың пікірталас тудыратын мәселелерін, кеңестік және еуропалық азаматтардың қарсыласу қозғалысындағы рөлін және олардың ортақ жауды жеңуге қосқан ерліктерін зерттеуде ғалымдардың, мұрағат қызметкерлерінің, әртүрлі елдердің қоғамдық ұйымдарының зерттеулерін біріктіру және халықаралық диалогты құру болып табылады.

Конференция Новосибирск қаласының жетекші жоғары оқу орындарының бірі-Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университетінің 85 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар аясында өткізіледі. Конференцияға Ресей, Австрия, Германия, Италия, Израиль, Қазақстан, Қырғызстан, Сербия, Франция елдерінің зерттеушілері қатысады.

Конференцияны ұйымдастырушылар:

  • Ресей Федерациясының Білім министрлігі
  • Новосибирск облысының Білім министрлігі
  • Satbayev University
  • Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті
  • Мәскеудегі Герман тарихи институты
  • Қазіргі тарих институты (Белград, Сербия Республикасы)
  • Новосибирск облысының мемлекеттік мұрағаты «МБМ СҒҚ»
  • «Энрико Маттеи» итальяндық мәдени орталығы
  • «Русский мир» мәдени қауымдастығы (Турин, Италия)
  • Ресейлік немістердің тарихын және мәдениетін зерттеушілердің Халықаралық қауымдастығы

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Тарихнамадағы Қарсылық қозғалысы: әртүрлі елдердегі зерттеушілер тәсілдерінің түйісу нүктелері мен айырмашылықтар;
  • Қарсылық қозғалысына қатысушылар туралы құжаттық-мұрағаттық және мемуарлық куәліктер;
  • Батырлық әлеуметтік-мәдени феномен ретінде, әртүрлі мемлекеттер халықтарының фашизмге қарсы тұруындағы ерлігі мен қаһармандығы;
  • КСРО мен Еуропаның уақытша басқыншылықта болған территорияларында жау тылындағы бүкілхалықтық күрес;
  • Еуропалық Қарсылық қозғалысындағы кеңестік әскери тұтқындар;
  • Ұлы Отан соғысы жылдарында кеңестік мемлекеттік қауіпсіздік органдарының КСРО-ның уақытша басқыншылықта болған аумақтарында партизандық қозғалысты және барлау-диверсиялық топтарды ұйымдастырудағы қызметі;
  • Жауға қарсы тұруды ұйымдастырудағы әртүрлі конфессиялардың рөлі;
  • Қарсылық қозғалысындағы әйелдер;
  • Сібірліктердің жау тылындағы антифашистік партизан қозғалысына, астыртын және диверсиялық топтарға қатысуы.

Конференцияның өтетін орны мен уақыты:
8-9 сәуір 2021 ж., Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті, Вилюйская көшесі, 28, Microsoft Teams платформасында бейне-конференц-байланыс форматында.

Конференцияның басталуы:
8 сәуір сағат 13:00 – де (Новосибирск уақыты);
9 сәуір-сағат 13:00-де (Новосибирск уақыты).

Конференция бағдарламасы орналастырылған сайт

Конференцияға қатысу үшін сілтеме

Конференция жұмысына қатысу мәселелері бойынша сұрақтарға жауапты:
«Новосибирск мемлекеттік педагогикалық университеті» ФМБОУ,   Мәдениет және жастар саясаты институты,  әлеуметтік жұмыс кафедрасының профессоры, тарих ғылымының докторы, Маркдорф Наталья Михайловна.
Байланыс тел. +7 (383) 269-20-88, e-mail: nmmark@mail.ru.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту