Ақпарат:

14 маусым 2022 4419

Кәсіби білім беру мен ЖОО арасындағы ынтымақтастыққа арналған семинар өтті

Кәсіби білім беру мен ЖОО арасындағы ынтымақтастыққа арналған семинар өтті

Алматы облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен 14 маусым күні Санжар Жандосов атындағы Қаскелең кәсіптік-техникалық колледжінде «Кәсіптік білім беру және жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері» атты облыстық семинар өтті.

Семинарға Сәтбаев Университеті «Энергетика» кафедрасының оқытушылары, әлеуметтік серіктестер, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының инженер-педагогтары қатысты.

Семинарды облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының техникалық және кәсіптік білім беру бөлімінің жетекшісі Шынар Исаханова ашып, колледж бен жоғары оқу орны арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынас мүмкіндіктеріне тоқталды. Осы семинар аясында аталмыш колледжде Сәтбаев Университеті «Энергетика» кафедрасының филиалы ашылды, ал Сәтбаев Университетінің Академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Бақыт Жәутіков өзара ынтымақтастықтың көздеген мақсатары мен міндеттерін айқындап берсе, кафедра ғалымдары ол мақсаттарды орындау мүмкіндіктеріне тоқталды.

Сәтбаев Университеті Энергетика және машина жасау институтының директоры Қасым Елемесов «Университеттер мен колледждердің өзара ынтымақтастығы: жағдайы мен болашағы» жайлы баяндама жасады, ал «Elcos» компаниясының директоры Дархан Битимшинов өз сөзінде компанияда жүргізіліп отырған дуальды оқытудың мүмкіндіктерін атап өтті.

Семинарға қатысушылар бұдан әрі «Энергетика» мамандығы бойынша Сәтбаев Университеті мен Санжар Жандосов атындағы колледж үшін арнайы бірлесіп әзірленген бағдарламамен танысуға көшті. Жиналғандар мамандық бойынша оқу жоспарының артықшылықтарымен танысып, колледждің арнайы пән оқытушылары мен өндірістік оқыту шеберлерінің сабақтарына қатысты, олар келесі тақырыптар бойынша өтті:

  • «Электр схемаларын құрастыру бойынша оқытудың интерактивті жүйесін тәжірибелік сабақтарда қолдану»;
  • «Тура қосу мен реверсті қамтамасыз ете отырып, электр қозғалтқышын басқару»;
  • «Генераторда, тежеу ​​режимдерінде параллель қоздырғышты тұрақты ток қозғалтқышы бар электр жетегінің координаталарын анықтау».

Семинар соңында қатысушылар еркін микрофон ұйымдастырып, өз ойларымен және алған әсерлерімен бөлісті.  Семинардың  қорытындысы бойынша  алдағы жұмысты жетілдіру жөнінде ұсыныстар берілді.

Прошел семинар, посвященный сотрудничеству между профессиональным образованием и вузами

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту