Ақпарат:

21 маусым 2023 5862

Қазақстан-Германия бизнес форумы Сәтбаев Университеті мен Siemens компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою алаңы болды

Қазақстан-Германия бизнес форумы Сәтбаев Университеті мен Siemens компаниясы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қою алаңы болды

2023 жылғы 20 маусым күні Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев Астанада өткен Қазақстан-Германия бизнес-форумына қатысты. Бұл форум Германия Федеративтік Республикасының Президенті Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан Республикасына ресми сапары аясында өтті.

Форум экономика, логистика және энергетика салаларындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты кеңейтуге баса назар аудара отырып, Қазақстан-Германия стратегиялық серіктестігін нығайту перспективаларына арналды. Форумда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев құттықтау сөз сөйледі.

— Орталық Азияда ғылыми-зерттеу орталығын құру – менің арманым және Неміс университеттері осы орталықтың бір бөлігі болса екен деймін. Мен неміс инвестициялық компанияларының белсенді түрде қатысуын жоғары бағалаймын. Ал Қазақстан Германияның бұдан әрі де қатыса беруі үшін қолайлы жағдайларды жасайды», – деді ол.

Сәтбаев Университеті форум барысында Siemens компаниясымен аддитивті технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге тікелей қол қою арқылы неміс тарапымен ынтымақтастықты дамытудың алғашқы қадамын жасады. Қол қою рәсіміне Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев пен «Siemens Қазақстан» компаниясының директоры Диас Асанов қатысты. Жасалған келісім екі тарапқа да білім беру, оқу және қызметкерлердің біліктілігін арттыру, аддитивті технологиялар саласында ғылыми әзірлемелер мен R&D жобалары бойынша өзара көптеген тиімді мүмкіндіктер ашады. Сәтбаев Университеті үшін бұл келісім осы саладағы тағы бір бастама болмақ.

Жалпы, Қазақстан-Германия бизнес-форумы еліміздің Германиямен ынтымақтастық қарым-қатынасының, атап айтқанда, жоғары білім беру және индустриялық-инновациялық даму саласындағы басым бағыттарын көрсетті. Форумға қатысушылар машина жасау, көлік, логистика, энергетика және шикізат салаларындағы алдағы бастамалар туралы талқылады. Қатысушылардың қатарында Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев, Германия Федеративтік Республикасының Экономика және климатты қорғау федералды министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Удо Филипп, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов, «Siemens AG» компаниясының вице-президенті Патриция Нойман және екі елдің жетекші компанияларының басшылары болды.

Франк-Вальтер Штайнмайердің Қазақстан Республикасына сапары аясында сонымен қатар Қазақстан Республикасы мен Германия Федеративтік Республикасы жоғары оқу орындары Ректорларының симпозиумы өтті. Оны ҚР Жоғары білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев «Германиямен жоғары білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық туралы» тақырыпта жасалған баяндамасымен ашты.

Ректорлар симпозиумында Мейрам Бегентаев жоғары техникалық білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастық қарым-қатынастың келешегі туралы баяндама жасады. Ол өз сөзінде екі елдің инновациялық және индустриялық секторларды дамыту бойынша тәжірибе алмасуға мүдделі екендігін атап өтті және жоғары техникалық білім берудің бұл үдерістегі рөлін бағалау өте қиын екенін де айтты.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту