«Қазақстан халқына» қоғамдық қорының 2025-2026 оқу жылына арналған білім беру гранттары

Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша жоғары білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік немесе өзге де грант алмаған халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан талапкерлерге білім гранттарын береді.
Үміткерлер 1-17 тамыз аралығында университеттің қабылдау комиссиясына құжаттарын тапсыра алады.
Грантқа кім өтініш бере алады? Бұлар:
ҰБТ тапсырған және Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ-ға түсу үшін қажетті өту балын жинаған талапкерлер:
1) ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы аз қамтылған отбасылардан;
2) жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
3) мүгедектігі бар тұлғалар;
4) мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардан;
5) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының балалары;
6) 2022 жылғы қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде жараланған балалар.
Білім беру гранты атаулы болып табылады, бір рет беріледі, бұл ретте екінші жоғары білім алуға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру гранты тағайындалған немесе республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен білім алуға және онлайн білім алуға жол берілмейді. Білім беру гранты өз қалауы бойынша және үлгерімі төмен болуына байланысты оқудан шығарылған жағдайларда, сондай-ақ студент оқудың екінші жылына қалдырылған жағдайда тоқтатылады.