12 тамыз 2022 3671

«Қазақстан халқына» қоры мектеп түлектері мен студенттерге тегін жоғарғы білім алуға мүмкіндік беру үшін 2350 грант бөлді

«Қазақстан халқына» қоры мектеп түлектері мен студенттерге тегін жоғарғы білім алуға мүмкіндік беру үшін 2350 грант бөлді

 «Қазақстан халқына» қайырымдылық қорының білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасы бойынша «Қазақстан халқына» қоры гранттар санын көбейту туралы шешім қабылдады. Студенттер мен талапкерлерге арнап бакалавриат бағдарламалары бойынша барлығы 2 350 грант бөлінеді, ал шәкіртақының белгіленген мөлшері – 40 мың теңге.

Бастапқы кезде 360 грант бөлу жоспарланған болатын, бірақ өтініштер санының көп болуына байланысты гранттар саны да көбейтілді.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары» қайырымдылық бағдарламасын іске асыру шеңберінде гранттар бөлу үшін талапкерлер мен студенттерден өтінімдер қабылдау басталды.

Талапкерлер үшін білім беру гранттары мен шәкіртақыларының саны әрбір ЖЖО үшін 10 грантқа дейін, ал ұлттық ЖЖО үшін (мысалы, Сәтбаев Университеті сияқты ұлттық ЖОО) 20 грантқа дейін көбейтілді.

Қордың 2022–2023 оқу жылының талапкерлеріне арналған білім беру гранттары мен шәкіртақыларының жалпы саны – 850. Қор бакалавриат бағдарламалары бойынша биыл мемлекеттік немесе өзге де грант алмаған талапкерлерге келесі санат бойынша грант пен шәкіртақы ұсынады:

  • ауылдық жерлердегі тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан талапкерлерге;
  • жетім балалар және кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санатына жататын талапкерлерге;
  • мүмкіндігі шектеулі, оның ішінде мүгедектігі бар талапкерлерге.

Бұл гранттар ҰБТ-дан өткен және оның нәтижелері бойынша ЖЖО-на түсу үшін қажетті шектік балл жинаған талапкерлерге берілетінін атап өту қажет.

Білім беру грантына үміткерлерді іріктеу критерийлерімен «Қазақстан халқына» қорының сайтында танысуға болады.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру грантына үміткерлер (талапкерлер) таңдалған жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының қабылдау комиссиясына 2022 жылғы 10–17 тамыз аралығында өтінім береді. Талапкерлер арасында «Қазақстан халқына» ҚҚ грантына үміткерлерді іріктеуді университеттер жанында жұмыс істейтін қабылдау комиссиялары білім беру гранттарын іске асыру шеңберінде жүзеге асырады.

Сондай-ақ ЖЖО-ның ақылы бөлімдерінде оқитын студенттерге оқуын әрі қарай «Қазақстан халқына» Қорының қаражаты есебінен жалғастыруға мүмкіндік беріледі. Мұндай студенттер үшін білім беру гранттарының саны 1500-ге дейін ұлғайтылды, десе де әрбір жоғарғы оқу орнына арналған квота айқындалған жоқ.

Конкурсқа келесі тұлғалар санатына жататын студенттер қатыса алады:

  • мүмкіндіктері шектеулі, соның ішінде мүгедектігі бар студенттер;
  • жетім бала санатына жататын және кәмелеттік жасқа дейін ата-анасының қамқорынсыз қалған тұлғалар;
  • ауылдық жерлердегі тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан студенттер;
  • толық емес отбасыдан, мүгедек балаларды тәрбиелеп жүрген отбасыдан шыққан студенттер;
  • ата-анасының біреуі немесе екеуінде де мүгедектігі бар студенттер.

Бұл ретте «Қазақстан халқына» ҚҚ-ның гранты мен шәкіртақысын алуға үміткерлер (ақылы топтарда оқитын студенттер) 01–25 тамыз аралығында «Taiburyl» сайтына өтініш береді. Оқу құны бойынша қаржылық шектеме әрбір грант алушы студент үшін 1 млн. теңге мөлшерін құрайды, егер студенттің жылдық оқуының құны 1 млн. теңгеден артық болса, онда 1 млн. теңгеден асатын айырмашылық соманы грант алушы студент өзі төлеуі тиіс.

Грант алушылар қабылдаушы университеттің академиялық талаптарын ұстануы тиіс және бағдарлама бойы толық оқу курсынан өтуге міндетті. Бұл шарттың орындалмауы қаржылық қолдауды тоқтатуға негіздеме болуы мүмкін.

«Қазақстан халқына» ҚҚ білім беру гранттары қайырымдылық бағдарламасына еліміздің білім беру саласы саласындағы 79 жоғары оқу орны және 2 қайырымдылық ұйымы: «Taiburyl» ҚБ және «Эндаумент КАЗГЮУ» КҚ қатысады.

Толығырақ ақпарат «Қазақстан халқына» қорының сайтында.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту