Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!
Осы мерейлі күні біздің Университет басқа жылдардай емес, «Бірлік күні – нағыз біздің мереке» деп абыроймен айта алады! Соңғы бір жарым ай ішінде академиялық, техникалық немесе ұйымдастырушылық сипаттағы мәселелерді шешу барысында студенттер, оқытушылар, менеджерлер немесе қызметкерлер тарапынан жалпы дайындық пен ізгі ниет танытпаған бірде-бір жағдай болған емес. Бұл жерде тек кәсіби шеберлік қана емес, сонымен бірге біздің халықтың таза адами қасиеттері де маңызды рөл атқарды. Осы күндері ұлтқа бөліну мен саяси көзқарастар туралы айтпағанның өзінде, бізде қандай да бір топтарға немесе жұмыстың маңыздылығына қарай бөліну деген болған жоқ. Университет әрқайсымыздың маңыздылығымыз бен мәнділігімізді сезіне отырып, тұтас бір механизм ретінде еш кедергісіз жұмыс жасады. Біздің ұжымның шығармашылық бірлігі мен қиын жағдайда бір-бірімізге көмектесуге дайын болуымыздың арқасында Университет еліміздің ғылыми-техникалық дамуындағы жетекші буын болып қала береді.
Бүгін Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауға ерекше қуаныштымын! Осы құндылығымызды әрі қарай сақтай отырып, мына қиын заманда ол біздің бірлескен күшіміз бен сенімділігіміздің қайнар көзі болсын деп тілеймін. Бұл жарқын мереке еліміздің игілігі үшін еңбек жасаған Сіздерге тек қана жаңа шабыт, жаңа табыс сыйласын!
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов