Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Қымбатты әріптестер, серіктестер және отандастар!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке шын мәнінде біздің еліміздің еркіндігі мен қуаттылығының, қоғамдағы әрбір азаматтың жеткен жетістіктері мен ауқаттылығының символы іспетті.
Адамның әлеуетті дамуы – Тәуелсіздіктің ең басты құндылығы болып табылады, өйткені еліміздің бәсекеге қабілетті болып гүлденуі әрбіріміздің жан-жақты дамуымызға тікелей байланысты. Осы орайда Сәтбаев университеті білім беру мен жас ғалымдарды тәрбиелеу, жаңа технологияларды енгізу жолында, экономиканың барлық саласына қажетті инженерлер мен жетекші мамандарды даярлау ісінде дәстүрлі түрде үздік атанып келеді.
Осыдан 28 жыл бұрын біздің халқымыз ҚР Тұңғыш Президенті, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен тұғыры биік, тәуелсіз мемлекет құру жолына шешуші қадам басып, жарқын болашағымыздың іргесін қалады. Біздің бүгінгі жемісті еңбегіміз келешек ұрпақтың бақытты өміріне кепілдік болары сөзсіз!
Мерейлі де мерекелі Тәуелсіздік күні университеттің 2020 жылға қарай қадам басқан бақытты да сәтті күндерінің бастамасы болсын! Сізге тұрақтылық, өркендеу, мықты денсаулық, сәттілік, өркендеу және сәттілік тілеймін!
Игі тілекпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов