Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Құрметті әріптестер! Қымбатты докторанттар, магистранттар, студенттер!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Дәл осы күні, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан әрбір ел үшін баға жетпес құндылық – өзінің тәуелсіздігін алып, «Мәңгілік ел» тұжырымдамасын жүзеге асыруға жол бастады. Тәуелсіздікке ұмтылу және мақсатқа жету жолында танытқан табандылық елімізге қысқа мерзім ішінде қуатты мемлекет құруға көмектесті.
Осы мереке күні сіздерге ой тәуелсіздігі мен табандылықты сақтай отырып, Сәтбаев Университетін инновациялық идеялар мен жаңа жобалардың халықаралық орталығына айналдыратын шабытты жандардың қатарына қосылуға, сөйтіп ұжымға жүктелген міндеттерді шешуге тілектеспін!
Сіздерге зор денсаулық, жаңа жетістіктер мен шығармашылық табыс тілеймін!
Сәтбаев Университетінің Ректоры
Искандер Бейсембетов