Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен Ректор құттықтауы – 2024 жыл
Құрметті Сәтбаев университетінің студенттері, оқытушылары, қызметкерлері мен достары!
Сіздерді Қазақстанның Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл күн сонау 1991 жылы жасалған таңдаудың маңыздылығын еске салады, дәл сол күні еліміздің тарихында жаңа дәуір басталған еді. Тәуелсіздік – біздің мақтанышымыз ғана емес, ол – болашаққа деген ортақ жауапкершілігіміз!
Бүгінде Қазақстан білім экономикасын құруда, ол ғылым мен инновацияға негізделуі тиіс. Ал біздің міндетіміз – уақыт сынынан сүрінбей өтіп, Отанымыздың тәуелсіздігін нығайта түсетін жаңа, жас буын көшбасшыларды даярлау.
Мереке қарсаңында Сіздерге мықты денсаулық, қажымас қайрат, әрбір отбасына аманшылық және алдағы бастамаларға сәттілік тілеймін!
Игі құрметпен,
Сәтбаев университетінің Ректоры
Мейрам Бегентаев