5 наурыз 2021 3270

Қазақстан Республикасының техникалық жоғары оқу орны алғаш рет QS World University Rankings By Subject 2021 ғаламдық рейтингіне енді

Қазақстан Республикасының техникалық жоғары оқу орны алғаш рет QS World University Rankings By Subject 2021 ғаламдық рейтингіне енді

Сәтбаев Университеті халықаралық ең беделді рейтингтердің бірі – QS WUR by Subject рейтингіне Petroleum Engineering пәні саласында Инженерия және технологиялар (Engineering and Technology) категориясы бойынша енді. Бұл - Қазақстанның білім беру тарихында алғаш рет орын алған бірегей, теңдесіз жетістік.

Университеттің биылғы әлемдік рейтингте қорытынды нәтижесі бойынша 101–150-орынға тұрақтады және бұл категория бойынша Сәтбаев университеті Қазақстаннан қатысқан жалғыз ЖОО болып табылады.
Бұл жетістік Қазақстанның мұнай өндіру саласындағы орнының елеулі екенін және бұл өнеркәсіптің технологиялық және кадрлық әлеуетінің жоғары екенігін айқын көрсететі.

Бұл рейтингке биылғы жылы Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ бірінші рет қатысып, Arts and Humanities, Social Sciences and Management және Natural Sciences категориялары бойынша жүлделі орындарға ие болды.

QS WORLD UNIVERSITY RANKINGS BY SUBJECT әдістемесі төрт негізгі көрсеткіштен тұрады: университеттің академиялық беделінен, жұмыс берушілер арасында университеттің беделі, Хирш индексі және басылымдарға сілтемелер жасау.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту