26 ақпан 2021 6027

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Сәтбаев университеті арасында ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қою

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Сәтбаев университеті арасында ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қою

2021 жылдың ақпан айында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ мен Сәтбаев Университеті инновацияларды дамыту, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар мәселелері бойынша ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойды.

Өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары ретінде инновациялық жобалардың корпоративтік акселерациясы бағдарламаларын іске асыру, бірлесіп ҒЗТКЖ-ға қатысу және оны жүргізу, теміржол көлігі үшін мамандарды оқыту және даярлау, Сәтбаев университеті және «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ сарапшыларының қатысуымен теміржол саласы қызметкерлері үшін біліктілікті арттыру курстарын, семинарлар мен тренингтер өткізу жоспарлануда.

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ үшін өзекті мәселе – сапалы мамандар даярлау, материалдық-техникалық базаның, оның ішінде заманауи мамандандырылған зертханалардың болуы.

Сәтбаев Университеті бүгінгі таңда дамыған ғылыми-инновациялық инфрақұрылымы бар Қазақстан Республикасының ең ірі техникалық және зерттеу университеттерінің бірі болып табылады.

Меморандум шеңберінде тараптар ынтымақтастықтың әрбір бағыты бойынша Жол картасын бірлесіп әзірлеу туралы келісті, сондай-ақ Сәтбаев Университеті жанында теміржол саласының мамандарын даярлау жөніндегі орталық құру жоспарлануда.

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту