Ақпарат:

24 қараша 2022 4039

Қазақстанда тұңғыш рет Сәтбаев Университетінде 5G құзіреттілік орталығы ашылды

Қазақстанда тұңғыш рет Сәтбаев Университетінде 5G құзіреттілік орталығы ашылды

Бүгін Сәтбаев Университетінің Fablab өндірістік зертханасында «5G өндірістік және құзыреттілік орталығының» салтанатты ашылуы өтті. Бұл Қазақстанда телекоммуникация саласындағы жаңа технологияларға арналған тұңғыш кеңістік. Кеңістікті Сәтбаев Университеті «Rtel Group» компаниясымен бірлесе отырып ашты.

Жаңа құзіреттілік орталығы студенттер үшін зерттеулерді тек бақылау алаңына ғана емес, сондай-ақ жоғары технологиялық байланыс құрылғыларының өндірісіне, оларды құрастыруға және іске қосуға да қатыса алатын алаңға айналады.

Сонымен қатар Fablab базасында озық радиобайланыс зертханасы мен «RTEL Engineering» студенттік конструкторлық бюросы ұйымдастырылған. Мұнда студенттер білім алып қана қоймай, кәсіби телекоммуникациялық құрал-жабдықтарды жасауға қатысады. Зертхана мен бюро «Телекоммуникация» және «Electrical and Electronic Engineering» мамандығы бойынша білім беру бағдарламаларының студенттеріне бірінші курстан бастап қолжетімді болады.

Сәтбаев Университетінің осы жоба бойынша серіктесі – Қазақстан Республикасындағы жедел коммуникациялардың алғашқы виртуалды операторы RTEL Group компаниясы болып табылады. Ол кәсіби мобильді радиобайланыс үшін инновациялық байланыс шешімдерін ұсынады.

Впервые в Казахстане в Satbayev University открыт центр компетенций 5G

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ

Басты парақшаға өту