30 қаңтар 2023 2961

Қазақстандық жердегі Британдық Білім: Satbayev University Ұлыбританияның үздік университеттерімен ынтымақтастықты дамытуда

Қазақстандық жердегі Британдық Білім: Satbayev University Ұлыбританияның үздік университеттерімен ынтымақтастықты дамытуда

Солардың бірі - британдық жоғары оқу орындарының ондығына кіретін элиталық Шеффилд университеті. Satbayev University өткен жылдың соңынан бастап Going Global Partnerships бағдарламасы бойынша Британдық Кеңестен (British Council) ұтып алған грант аясында Шеффилд университетімен жұмыс жүргізуде.

Шеффилд университеті - әлемдегі жетекші жоғары оқу орындарының бірі, техникалық кадрларды даярлау саласындағы көшбасшылардың бірі. Университет Russell Group құрамына кіреді — Ұлыбританияның
24 беделді университеттерінен тұратын элиталық топ, американдық «Лига плюща»-ның Британдық баламасы. Әлемдік рейтингтің үздік 100-не кіреді (QS рейтингінде 95 орында). Бұл алдыңғы қатарлы зерттеу университеті, оның 5 түлектгі мен қызметкерлері — Нобель сыйлығының лауреаттары. 

Жоба аясында Satbayev University өкілдері Шеффилд университетінің машина жасау кафедрасының (Department of Mechanical Engineering) жұмысын зерделейді, ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықтың әлеуетті жолдарын талқылайды, сондай-ақ Британдық үлгі бойынша «Машина жасау» бағдарламасын жаңғырту жолдарын пысықтайды. 

Қаңтар айының соңында Satbayev University өкілдері Шеффилд университетіне барып, бұрын Ұлыбританияның басқа беделді университеті — Southampton университетінде жұмыс істеген өндірісте мол тәжірибесі бар ғалым Қолданбалы механика профессоры Атул Баскармен кездесті. 

Профессор Баскармен бірлесіп «Политехтің» қызметкерлері ғылыми және оқу зертханаларына барып, магистранттар мен докторанттарды ғылыми жобалармен және оқытуымен бірлескен жұмысты талқылады. Өткізілген уағдаластықтар аясында профессор А. Баскардың Satbayev University қонақ дәрісі жоспарланды. 

Сәтбаев Университеті Ұлыбританияның University of Sheffield жетекші университетімен бірлесе жұмыс жүргізуде

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту