Қазақстандықтар үшін магистратураға 450-ден астам грант бөлінді. 15 шілдеге дейін құжат тапсыруға асығыңыз!
Сәтбаев университеті сізге ерекше мүмкіндік – магистратурада тегін оқуды ұсынады! КТ-ға тіркелуге және құжаттарды тапсыруға екі-ақ күн қалды.
Магистратурада мамандық бойынша бұрыннан алған білімді өз пәні негізінде немесе соған байланысты толықтырады. Шынында да, лайықты білім сізге бәсекеге қабілетті маман болуға және беделді, жоғары ақы төленетін лауазымды қызметке орналасуға мүмкіндік береді.
Егер де сіз «бағынышты» мәртебесінде отырып қалсаңыз, онда сізге біліміңізді толықтырып, түйіндемеңізге магистр дәрежесін қосқаныңыз жөн болар. Ол үшін ең алдымен сізге ыңғайлы білім беру форматына сәйкес келетін және лайықты артықшылықтары бар университетті таңдау керек.
Сәтбаев университеті қазақстандықтарға еліміздің №1 техникалық университетінің магистратурасында тегін түрде сапалы білім алу мүмкіндігін ұсынады.
Сәтбаев университетінің магистратурасындағы 35 білім беру бағдарламасы тәжірибелі практиктерге де, мансап бойынша өсуді қалайтын жас мамандарға да арналған. Бағдарламалар индустрияның басым салаларының талаптарына сәйкес жасалған. Өндірістік практикадан өткен және бизнестен келген жоғары білікті оқытушы мамандардың жетекшілігімен кәсіби пәндерді тереңдетіп оқыту тар бейінді білімді және аналитикалық құзыреттілікті дамытады. Халықаралық білім алмасу және тағылымдамадан өту бағдарламалары белсенді түрде жұмыс жасайды.
Сәтбаев университеті магистратурасында оқудың артықшылықтары:
- жоғары білікті профессорлы-оқытушылар құрамы;
- мықты ғылыми-зерттеу инфрақұрылымы;
- ағылшын тілін тереңдете оқыту;
- шетелдік 92 жетекші университетте тағылымдамадан өту мүмкіндігі.
Оқу барысында магистранттар көптеген серіктес компанияларда (400-ден астам компания) тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады, ал түлектердің 88%-ы өздері тәжірибеден өткен ұйымдарға жұмысқа орналасады.
2020 жылы магистратураға түскісі келетін үміткерлер кешенді тест (КТ) тапсыру үшін қабылдау комиссиясына хабарласпай-ақ өтініш бере алады.
КТ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы өткізіледі.
КТ-ке қатысуға өтініш беру үшін:
- https://egov.kz сайтындағы азаматтардың мобильдік базасына тіркелу керек;
- https://did.gov.kz сайтында (жеке тұлғаны анықтау үшін) Digital.ID цифрлы паспорт жасау керек;
- Ұлттық тестілеу орталығының https://pvo-zayav.testcenter.kz сайтына тіркелу керек.
Кешенді тестілеу (КТ) 1–15 тамыз аралығында өтеді.
Магистратураға оқуға түсу үшін міндетті түрде:
- kb.satbayev.university мекен-жайында онлайн түрде бастапқы тіркелім жасау керек.
- Магистратураның білім беру бағдарламасын жоғары білім алған мамандыққа сәйкес таңдау керек.
Қажетті құжаттар тізімі (құжаттарды КТ тапсырып болғаннан кейін, оқу орнына тіркелгенге дейін өткізуге болады):
- ұйым басшысының атына жазылған өтініш (еркін нысанда);
- үміткер толтырған анкета (онлайн режимде тіркелгеннен кейін ол электрондық поштаға келеді);
- жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;
- жеке куәліктің көшірмесі;
- кадрларды есепке алу жөніндегі жеке іс парағы және еңбек қызметін растайтын құжат (еңбек өтілі бар тұлғалар үшін);
- 3x4 см көлеміндегі алты фотосурет;
- 086-У нысанындағы медициналық анықтама;
- IELTS, TOEFL бағдарламалары бойынша тест тапсырғаны жөніндегі сертификаттың көшірмесі (егер бар болса);
- тест үшін төленген ақының түбіртегі.
Магистратураға түсу жөнінде толығырақ мына телефондар арқылы білуге болады:
+7 701 306 50 20,
+7 (777) 275 88 18,
немесе grad@satbayev.university электрондық мекен-жайына жазуға болады.