1 желтоқсан 2023 2330

Қазақстанның Академиялық адалдық лигасы жаңартылған сайты пен әлеуметтік желілері туралы жарнамалайды

Қазақстанның Академиялық адалдық лигасы жаңартылған сайты пен әлеуметтік желілері туралы жарнамалайды

Ашық диалог – жоғары оқу орындарындағы адалдық пен ашықтықтың алғы шарты. Өз қызметіндегі маңызды өзгерістер мен жаңалықтар туралы үнемі хабарлап тұру үшін, Қазақстанның Академиялық адалдық лигасы сіздерді Лиганың жаңартылған сайты мен әлеуметтік желілеріне қосылуға шақырады.

Лига өзіне мүше университеттердегі Академиялық адалдыққа жақсырақ қолдау көрсеті үшін өз жұмысын үнемі дамытып, жетілдіріп тұруға ұмтылады. Лиганың жаңа сайтының ағылшын тіліндегі нұсқасы бар, сондықтан ол халықаралық деңгейдегі серіктестермен өзара әрекеттесу үшін өте ыңғайлы.

Академиялық адалдық лигасы оқу кезінде жаңа технологияларды пайдалануға неғұрлым жауапты көзқарасты дамытуға көмектесе отырып, заманауи білім беру саласындағы үдерістер ашықтығының барлық аспектілері туралы жаһандық диалогқа септігін тигізеді. Лиганың жаңа ресурстары оған студенттермен, оқытушылармен және академиялық адалдықты бағалайтын басқа да адамдармен тығыз байланыста болуға, сөйтіп олармен процестің әртүрлі аспектілері туралы талқылауға көмектеседі.

Академиялық адалдық лигасының сайты

Академиялық адалдық лигасының ағылшын тіліндегі нұсқасы

Facebook

Instagram

Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту