Ақпарат:

28 ақпан 2020 6174

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының «Ізбасар» бағдарламасы

«Қазатомөнеркәсіп» компаниясының «Ізбасар» бағдарламасы

Ағымдағы жылы 4 наурыз күні өтетін «ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның «Ізбасар» бағдарламасымен таныстыру рәсіміне шақырамыз. Компания өкілдері бағдарлама туралы толық мағлұмат беріп, қызықтырған сұрақтарға жауап береді.

«ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның жас мамандарға арналған «Ізбасар» бағдарламасы 2018, 2019, 2020 жылдарғы бакалавриат пен магистратура түлектері қатарындағы жас мамандардың кәсіби біліктілігін жылдам түрде арттыруға бағытталған.

Бағдарлама аясында жас мамандар айлық жалақымен, бағдарлама уақыты біткенше тұрғылықты жермен қамтамасыз етіліп, жол жүру шығындары да төленеді, әрі бағдарлама соңында жақсы нәтиже көрсеткен мамандарға сыйақы беріліп, олар жұмысқа орналастырылады.

Таныстыру рәсімі  2020 жылы 04 наурыз күні сағ. 10.00-де конференц-залда өтеді (Мұнай корпусы, 1-қабат).

Байланыс үшін: Үсен Меруерт, 87054776803, m.ussen@satbayev.university

Бағдарлама мына бағыттарды қарастырады:

  • Жеке іскерлік және кәсіби құзыреттілікті арттыру бойынша оқу;
  • «ҰАК «Қазатомөнеркәсіп» АҚ-ның кәсіпорындарында 3 түрлі қызметте әрқайсысында 5 айдан жұмыс істеу;
  • Атом өнеркәсібі саласында ең мықты жетекшілер мен ең үздік кәсіби сарапшылар қатарынан таңдап алынған жеке тәлімгермен жұмыс жасау.  

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

  • Қазақстан Республикасының азаматы болуы керек;
  • 2018, 2019, 2020 жылдарғы бакалавриат немесе магистратура түлегі болу;
  • Географиялық ұтқырлығы болу керек.

Бакалавриаттың келешегі зор білім беру бағдарламалары:

  • Экономика
  • Қаржы
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Экология
  • Органикалық емес заттардың химиялық технологиясы
  • Органикалық заттардың химиялық технологиясы
  • Ақпараттық жүйелер
  • Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету
  • Ақпараттық қауіпсіздік жүйелері
  • Радиотехника, электроника және телекоммуникациялар
  • Автоматтандыру және басқару
  • Аспап жасау
  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
  • Техникалық физика
  • Жылу энергетикасы
  • Электроэнергетика
  • Ядролық физика
  • Машина жасау
  • Материалдарды қысыммен өңдеу технологиясы
  • Технологиялық машиналар мен жабдықтар (сала бойынша)
  • Тау-кен ісі
  • Пайдалы қазбаларды байыту
  • Металлургия
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау 
  • Геодезия және картография
  • Жерге орналастыру

Магистратураның келешегі зор білім беру бағдарламалары:

  • Жобалау менеджменті
  • Гидрогеология және инженерлік геология
  • Қолданбалы және инженерлік физика
  • Математикалық және компьютерлік модельдеу
  • Software Engineering
  • Machine learning and Data Science
  • Management of Information Systems
  • Ақпарат қауіпсіздігін кешенді түрде қамтамасыз ету
  • Автоматтандыру және роботтау
  • Материалтану және жаңа материалдар технологиясы
  • Мұнай-газ және кен геофизикасы
  • Химиялық материалдарды өндіру және олардың химиялық үрдістері
  • Машиналар мен жабдықтардың сандық инженериясы
  • Машина жасау өндірісін цифрландыру
  • Электротехника және энергетика
  • Металлургиялық үрдістерді автоматтандыру және цифрландыру
  • Тау-кен инженериясы
  • Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту
  • Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау
  • Геокеңістіктік сандық инженерия
  • Инженерлік жүйелер мен желілер
Жоғары

Қате кетті!

Жолдарды дұрыс толтыруға тырысыңыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Жақын арада біз Сізбен хабарласамыз.

Сіздің мәліметтеріңіз сәтті жіберілді!

Аудармасы жоқ


Басты парақшаға өту