«Kazecotech» компаниясы базасында Сәтбаев университеті «Машина жасау» кафедрасының филиалы ашылды
Астана қаласындағы «Kazecotech» компаниясы базасында Сәтбаев университеті «Машина жасау» кафедрасының филиалы салтанатты түрде ашылды.
Бұл іс-шара жоғары оқу орындары мен өнеркәсіп секторы арасында әріптестікті дамыту жолындағы маңызды қадам болды. Кафедраның жаңа филиалы жоғары оқу орындарының ғылыми әлеуеті мен кәсіпорындардың тәжірибелік мүмкіндіктерін біріктіруге, сөйтіп жоғары білікті инженерлердің жаңа буынын даярлауға мүмкіндік береді.
«Kazecotech» – энергия үнемдейтін жабдықтарды өндірумен және қауіпті қалдықтарды қайта өңдеумен айналысатын инновациялық компания. Кәсіпорын базасында оқу-өндірістік алаңның ашылуы студенттерге нақты өндіріс жағдайында тәжірибеден өтуге, ғылыми-зерттеу жобаларына қатысуға және өнеркәсіптік міндеттерге арналған инженерлік шешімдер әзірлеуге мүмкіндік ашады.
Филиалдың ашылу рәсіміне Сәтбаев университетінің басшылығы мен өкілдері, кәсіпорын мамандары, оқытушылар мен студенттер қатысты. Қатысушылар кафедра филиалының ашылуы білім мен ғылымды және өндірісті тиімді түрде интеграциялаудың тамаша үлгісі екенін атап өтті.
«Kazecotech» компаниясының басшылығы машина жасау және энергия үнемдеу технологиялары саласында бірлескен жобаларды әрі қарай дамытуға және ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екендігін білдірді.



