«Қазхром» Сәтбаев университетіне алғыс айтуда
«Қазхром» ТҰК» АҚ-на жұмысқа орналасқан Сәтбаев университетінің түлектері өздерін таптырмас құнды мамандар ретінде жақсы жақтарынан көрсете білді. Бұл туралы Сәтбаев университетінің ректоры Е. Бейсембетовтың атына «Қазхром» компаниясының филиалы «Донской КБК» компаниясынан келген алғыс хатта айтылған.
«Донской КБК» – «Қазхром» ТҰК» АҚ-ның филиалы кәсіби білікті тау-кен инженерлерін даярлап шыққандарыңыз үшін Сізге және Сәтбаев университетінің барлық ұжымына зор алғыс білдіреді. Сіздердің кешегі түлектеріңіз, бүгінгі күні біздің кәсіпорында жақсы еңбек етіп жүрген жас мамандар өздерін құнды кадр ретінде көрсетіп жүр. Келешекте де Сіздер университеттің жоғары дәрежесіне сай кәсіби мамандарды даярлап, біздің инженерлер қатарын толықтыра бересіздер деп сенеміз. Өз кезегімізде біз Сіздердің түлектеріңізді жұмыс орнымен қамтамасыз етіп, олардың білікті маман болып қалыптасуына бар мүмкіндіктерді жасайтын боламыз», – делінген алғыс хатта.